Тарихтан сыр шертті

                                                                                                 Тарихтан сыр шертті

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жаратылыстану-география факультетінің география кафедрасында Алтын Орда  мемлекетінің 750 жылдығына арналған шара өтті. «Батыс Қазақстандағы Алтын Орда кезеңінің қоныстары» тақырыбындағы  шара барысында география кафедрасының  доценті., г.ғ.к  әрі  батыс өңірін физикалық-географиялық тұрғыда зерттеуші және өлкетанушы ғалым С.К.Рамазанов сөз сөйледі.  Ол еліміздің батыс аймақтарына жүргізген ғылыми зерттеулері аясында Алтын Орданың  орта ғасырда дәуірлеп, дамып, өзіндік өркениеті болған қалашықтар мен қоныстар жайлы студенттерге  әңгімелеп бердіСерік Кішібекұлы өзінің  зерттеу жұмыстары барысында Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Сарайшық қаласынан табылған қыштан жасалынған тиын ақшалар, құман, құмыралар, шырақтар, кесе, пиала мен қаланың қазіргі орнын көрсете отырып, студенттерді одан әрі қызықтыра түсті. Оның айтуынша, қазба жұмыстары барысында  Жайық қалашығы Алтын Орда дәуірінде жоғарғы өркениетті, өзінің өндірісі мен қолөнері дамыған орталық болғанын дәлелдеген. Үйдің едені мен моншасы еден асты жылыту жүйесі арқылы орталық қазандықтан жылытылған. Қазба жұмыстары барысында металл бұйымдары, керамика қалдықтары, әйнек моншақ, жануар сүйектері және екі мыс ақша табылған. Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының бойында әрбір 50 шақырым сайын керуен сарайлар орналасып, саудагерлер мен жолаушыларға қызмет жасаған екен. Сарайшық, Жайық және Жалпақтал қалашықтары мен қоныстарының орны  мен сол жерден табылған заттар бейне көрініс арқылы көрсетіліп, шараға қатысып отырған 1-3-курс студенттері қызыға тыңдады. Кещ соңында тақырыпқа сәйкес көптеген сұрақтар  қойылып, студенттер  өз  ойларымен бөлісті.

тарих 1

тарих 2

 

 

Б.Х.Ходжанова,

География кафедрасының аға оқытушысы

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua