«Эрудит» зияткерлік сайысы

                                                                                                    «Эрудит» зияткерлік сайысы

Жастар жылына орай желтоқсан айының 5-күні педагогика факультетінің студенттері арасында «Эрудит» зияткерлік сайысы өткізілді. Шараның мақсаты: жастар жылын насихаттау, студенттердің білімін шыңдау, бос уақытын тиімді пайдаланып, досық қарым-қатынас орнату. Сайысты «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасы және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс магистранттары ұйымдастырды. Шараға «Алғырлар», «Жалын», «Тас түйін», «Феникс», «Интрига» тобтары қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Бәйге» кезеңінде топ командирлері команда атауымен ұранын таныстырып, әр-түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді,  «Ең, ең» кезеңі бойынша әлемдегі қызықты мәліметтермен танысса, «Полиглот» кезеңінде жасырылған сөздерді үш тілде жауап берді, «Дода» кезеңінде серігу сәті ал, «Жорға» кезеңінде тақырыптар бойынша ұяшықтар ашып, тиесілі ұпайларын иемденді. Сайыстың алғашқы кезеңінен-ақ әр қатысушы өзінің біліктілігін, білімділігін, ұтқырлығын көрсете білді. Әр мамандық арасынан іріктеліп алынған қатысушылар сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріп, нәтижесінде жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.

Эрудит 2

Эрудит 3

Эрудит 4

Эрудит 5

 

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua