Зоологиялық мұражайдың экологиялық сауатты және мәдениетті тұлға тәрбиелеудегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел

Зоологиялық мұражайдың экологиялық сауатты және мәдениетті тұлға тәрбиелеудегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел.

Бүгінгі күні планетада тіршіліктің көптүрлілігі қарқынды қысқаруда. Ғалымдардың болжамы бойынша  30 жылдан кейін Жер биоалуантүрлілігінің 25% жойылып кету қаупіне ұшырауы ықтимал-бұл ауқымды экологиялық апат.«М.Өтемісов атындағы БҚМУ мұражайының бөлімшесі Зоологиялық мұражайдың 80 жылдығы» атты  кафедраның кеңейтілген ғылыми-әдістемелік семинарының шешімін жүзеге асыру бағытында 14.11.2019ж.М.Өтемісов атындағы БҚМУ мұражай бөлімшесі «Зоологиялық мұражайдың экологиялық сауатты және мәдениетті тұлға тәрбиелеудегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.Шараға №31 ЖББОМ оқушылары, 2 курс магистранттары, студенттер, кафедра оқытушылары, тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасары Ж.С.Қажымұратова қатысты.Экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесінде зоологиялық мұражайдың орны айтарлықтай. Мұражайға келушілер өз елінің, өлкесінің биологиялық әртүрлігімен танысып, жануарлардың  тіршілік әрекеті, таралу аймағы, биоценозда және адам өмірінде маңызы туралы ақпарат алады.Дөңгелек үстелдемұражай материалдары бойынша жарық көрген еңбектер көрмесі ұйымдастырылды. Магистранттар дайындаған баяндамалар, хабарламалар тыңдалды: «Зоологиялық мұражайдың қалыптасуы, құрылымы, оқу-тәрбие және ғылыми-ізденіс үрдістеріндегі орны», «БҚО-ның жануарлар дүниесі», «Зоологиялық мұражайдағы құстар  бөлімі, экологиялық топтары», «Сүтқоректілер бөлімі, олардыңэкологиялық топтары», «ҚР Қызыл кітабына енген бунақденелілер», «ҚР Қызыл кітабына енген омыртқалылар, оларды қорғау, сактау жолдары», «БҚО-ның кәсіби жануарлары, оларды тиімді пайдалану және аңшылық».Шараның соңында тыңдалған материалдар талқыланды, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді, кәсібі бағдар бойынша әңгіме-кеңес жүргізілді және шешім қабылданды.

ГЕОФАК 2

ГЕОфак 3

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua