Профессор В.В.Ивановтың ғылыми мұрасы

                                                                                Профессор В.В.Ивановтың ғылыми мұрасы

75a92405-73a5-4b13-b674-3a42cd067448 1 2019 жылдың қарашасының 19-шы жұлдызында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультетінің биология және экология кафедрасының негізін қалаушы, биология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Географиялық қауымының құрметті мүшесі Всеволод Вячеславович Ивановты еске алу кеші өтті. «Профессор В. В. Ивановтың ғылыми мұрасы» деп аталған ғылыми-танымдық кешті биология ғылымдарының кандидаты, доцент А. У. Утаубаеваның жетекшілігімен аталмыш факультеттің «Биология ағылшын тілінде» мамандандырылған 3-курс студенттері ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізді.Үш тілде өткізілген аталмыш шара студенттердің атақты ғалымның ерен еңбек жолын зерттеу, тәлім алуы арқылы рухани жаңғыруына кең есік ашты.Профессор В. В. Иванов Орал педагогикалық институтының жаратылыстану -география факультетінің және ботаника кафедрасының іргесін қалаған ғалым. Солтүстік Каспий маңы флорасы мен өсімдік жабынын нақты зерттеп, ғалым-энциклопедист В. В. Иванов әр түрлі мамандықтағы ғалымдардың күш-жігерлерін біріктіріп, ортақ мақсат -  туған өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдалану және қорғау іс-шараларын жасақтады.Ғылыми - танымдық кеш профессор В. В. Ивановтың өмірбаяны және ғылыми зерттеу жұмыстарына қысқаша шолумен басталды. Өмірі ғылыммен өрнектелген, аңыз адам, ұлы ғалым, профессор В. В. Ивановтың 300-ден астам еңбектеріне, оның іргесін қалаған мектебінің шәкірттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына шолу жасалды.Профессор В. В. Ивановқа деген құрмет ретінде ұйымдастырылған жаратылыстану-география факультетіндегі профессор В. В. Иванов атындағы аудитория, кітапхана және профессор 1932 жылы өзі іргесін қалаған 90 жылға жуық жинақты қоры бар, атақты кеппешөп қоры, профессор В. В. Иванов атындағы 925a905a-2729-44e2-9f63-483014b29010Орал қаласындағы көше - презентация және видеоматериалар арқылы көрсетілді.Қазіргі таңдағы жас буын профессор В. В. Иванов қалап кеткен білім-ғылымның даңғыл жолдарын жалғастыруда. Осындай жас буынның бірі – «Биология-33» тобының студенті Анатолий Райымбек «Buldurta river basin biodiversity»  тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасап, өз ғылыми-зерттеулерін презентация түрінде көрсетті.Кеш соңында профессордың шәкірттері – биология ғылымдарының докторы, профессор Т. Е. Дарбаева, аға оқытушы Қ. Б. Болатова, биология және экология кафедрасының меңгерушісі а/ш.ғ.к., доцент Б. С. Альжанова, химия кафедрасының аға оқытушысы Г. Б. Есеева, б.ғ.к., доцент А. У. Утаубаева сөз сөйлеп, профессордың дәрісі, практикалық сабақтары, далалық сараман, ғылыми-зерттеу кешендері туралы жүрек қозғар ыстық сезімдерін үлкен ілтипатпен айтып өтті.Аталмыш кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған Польшаның Великий Казимир университетінің профессоры, PhD Славомир Качмарек сөз сөйлеп, кештің мәнді өткенін, студенттердің білімі мен ой-өрісін кеңейтуге қосар үлесі зор екендігін, шетелдік профессор өзі де ұлы ғалым профессор В. В. Иванов туралы көптеген мағлұмат алғаны туралы айтып өтті.Кеш соңында профессор В. В. Ивановтың ғылыми-зерттеу кешендері, далалық сараман кездері, әсіресе, түнгі от – алау жалыны маңында жиналған сәттерде жақсы көріп айтатын романс-әндері орындалды. Кешке қатысқан әрбір студент, жас мұғалім, бұрынғы әріптес-шәкірттері сөзбен айтса жеткізе алмас, ғалымның қиын да қызықты өмір белестерімен танысып, Солтүстік Каспий маңының өсімдік-топырақ жабынын зерттеуде мәңгілік, ұмытылмас құнды ғылыми еңбектер қалдырып кеткен, ұлы ғалым, профессор В. В. Ивановтың жан-дүнесінің қайраттылығы, ғылымға деген адалдығымен рухтанып, болашақта ғылымның биік шыңдарын бағындыратындай күш алып шықты деп есептейміз.

 

                                                                                                                                                                                              Б.ғ.к., доцент А.У.Утаубаева

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua