Алтын Орда – ежелгі өркениет естелігі

Алтын Орда – ежелгі өркениет естелігі

алтыын ордаа 1 21 қараша күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ Тарих, экономика және құқық факультетінде  ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері Елеусинова Альбина Булатовнаның ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына орай «Алтын Орда – ежелгі өркениет естелігі» атты факультетаралық зияткерлік сайыс өткізілді. Бұл сайыстың негігі мақсаты - жастарды қазақ халқының елеулі кезеңін қамтитын Алтын Орданың тарихымен таныстыру, студенттерге Жошы ұлысының маңызын айшықтау, мемлекеттің қалыптасуын оқып-үйренуде төл тарихтың алатын орнын айқындау.XIII ғасырда Шығыс Еуропа мен Орталық Азия, Сібір мен Кавказ арасындағы ұлан-ғайыр өлкеге туын тігіп, әлемдік тарихнамада «Алтын Орда» деген атпен ұлы мемлекет пайда болды. Әуелде Жошы ұлысы ретінде дүниеге келген Алтын Орда Бату хан, кейін Берке хан тұсында дәуірлеп, Мөңке Темір хан, Өзбек және Жәнібек хан тұсында Еуразияның апайтөс даласында билік құрған қаһарлы мемлекетке айналды.

Сайысқа әр факультеттен І курс студенттерінен құралған командалар қатынасты.  Интеллектуалды сайыс  6  кезеңнен тұрды:  

І. Таныстыру. Алғашқы кезеңде әр команда топтың атауын және құрамын таныстырып, сайыста бір-біріне сәттілік тіледі.

ІІ. Жасырын ұяшықтар. Бұл кезеңде күрделілігіне қарай ұяшықтарды топ басшылары таңдап, сәйкесінше жасырылған сұрақтарға командамен ақылдаса отырып жауап берді.

ІІІ. Алтын Орда дәуірі әдебиеті. Қатысушы топтарға Алтын Орда дәуірінде жарыққа шыққан тарихи еңбектер мен олардың авторлары ұсынылды. Сәйкесінше әр топ берілген уақыттың ішінде кітап пен оның авторын дұрыс сәйкестендіруі қажет болды.

ІV. Шығармашылық жұмыс. Мұнда әр команданың топ басшылары ортаға шығып, үстелде тұрған  суреттердің ішінен кез-келген 3 суретті таңдауына сай алды. Таңдалған суреттерді постерге жабыстырып, мазмұнға сай қосымша ақпараттар жазып, топпен жұмыстанды. Кейін ортаға шығып, шығармашылық жұмыстарын командамен қорғады.

V. Капитандар сайысы. Аталған турда әр команда капитаны қазылар алқасының алдында тұрған 6 билеттің біреуін таңдап, өзіне түскен тақырып бойынша жауап берді.

алтыын ордаа 2 Барлық кезең бойынша әр команда  белсенділік танытып, ой ұшқырлығы  мен қабілеттіліктерінің арқасында қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болды. Марапаттау рәсімінде тарих, экономика және құқық факультетінің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майманова Нұршат Нұрқановна әр факультеттен келген командаларға алғысын білдірді. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша І орынды педагогика факультетінің «Білгірлер» командасы, ІІ орынды  жаратылыстану-география факультетінің  «Эрудит»  командасы, ІІІ орынды  тарих, экономика және құқық факультетінің «Жалынды рух» командасы иеленді.

 

 

 

                                                                                                                  Альбина Елеусинова,

                                                                                                                                                       «Экономика» мамандығының 3 курс студенті

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua