Жас ғалымдар конференциясы

                                                                                    Жас ғалымдар конференциясы

20 қараша күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың бесінші қыры – «Түркі әлемінің бесігі» атты жас ғалымдардың университетішілік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шарада Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы, э.ғ.к, доцент Г.И.Нестеренко мен ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі А.С.Байбулсинова сөз сөйлеп, конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері жайлы айтып өтті. Одан әрі қатысушылар «Ақжайық ауданы Көнеккеткен аумағындағы тарихи орындар», «Батыс Қазақстан облысында «самбо» күресінің шығу және даму тарихы», «Бөкей Орда хандығындағы тарихи тұлға – Жәңгір хан», «Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары», «Батыс Қазақстандағы диаспоралардың әлеуметтік-мәдени дамуы», «Қазақстан әйелдерінің қоғам дамуындағы рөлі: тарихи талдау», «Орал өңірінің тарихи географиясы», «Орал қаласының туризм орталығы ретіндегі рөлі», «Жайық қалашығы: негізінің қалыптасуы және қалануы»  сынды көптеген тақырыптарда өз баяндамаларын баяндады. Қатысушылардың баяндамалары тыңдалып біткен соң келген қонақтар мен студенттер өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

жас ғалымдар 1

жас ғалымдар 2

жас ғалымдар 3

 

                                                                                                                                                                                        Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua