Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл

                                                                                                              Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл

Мәдениет және өнер факультетінің аға оқытушысы, магистр Жұмағалиева Гүлжазира Ермекқызының жетекшілігімен және мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер күніне орай 11 қараша күні "Студенттік өмір-көтеріңкі көңіл" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Бұл шарада факультет деканы Қажымова Қарлығаш Рахымқызы студенттерге өзінің жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін арнады. Ашылу салтанаты барысында факультет студенттері Рысбек Ермекқалиев  пен Асылжан Тілекқабылов көрермендерге "Сен+Мен" әнін тарту етті.  Шара одан әрі "Welcome alumni party" атты мәдениет және өнер факультетінің түлектерімен кездесу кешімен жалғасты. Бұл кешке Еслямғалиев Әбілқайыр, Тұяқ Мақсат, Аян Айтқұлов, Меңдіқұл Орынбек пен Бек Меренов қатысты.  Университет түлектері өздерінің қызықты сәттерімен бөлісіп, студенттердің тосыннан қойылған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кеш қонақтары студенттерге қонақкәдесін ұсынуды да ұмытпады.Апталықтың екінші күні "7 Life"  байқауы ұйымдастырылса, 13 қарашада кәсіби бағдар жүргізу мақсатында №1 мектеп оқушылары мен 1-курс студенттері мен арасында  "Намыс дода" спорттық байқауы оздырылды. Байқау нәтижесі бойынша, КДР-11 тобы І орынды иемденсе, КДР-13 тобы ІІ орынды, ал №1 мектеп оқушылары ІІІ орын еншіледі. Сонымен қоса, Әділет Жүсіпов "Үздік топ басшы", РЕЖ-11 "Emodgi" тобы "Үздік спорт киімі", ХГ-11 "Бірлік" "Үздік команда" аталымдарына ие болды.3 күнге созылған апталықтың жабылу салтанатында  "One Shot" би тобы, Асылжан мен Рысбек сынды университетіміздің жұлдыздары өнер көрсетті. Әрбір шараға белсене қатысып, көзге түскен МТЖ-41 тобы "Үздік топ" атанса, Айзада Жетисова "Үздік студент" Биболат Ғайнолла  "Өнерлі студент",  Нурсултан  Сақтай "Үздік вокалист", Гүлсезім Төлегенова  "Бұрымды қыз", Камила Меңдіғали  "Үздік биші", Аида Қожбанова  "Сәнқой студент", Айбек Бейбітов пен Гүлсезім Төлегенова "Жарасымды жұп" аталымдары бойынша марапатталды. Жабылу салтанатының соңы би кешіне ұласты.

Студенттік өмір 1

Студенттік өмір 2

Студенттік өмір 4

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua