Өнер иесімен кездесу

                                                                                                                               Өнер иесімен кездесу

Өнер 1 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 7 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих, экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Дала фольклоры – заманауи интерпретация» тақырыбында мәдениет, музыка жолына саналы ғұмырын арнаған ұстаз Қуандық Мәдірмен кездесу кеші өтті. Шараға факультеттің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Аталмыш кештің мақсаты – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын қолдай отырып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы келе жатқан музыкасын дәріптеп, өскелең ұрпаққа жеткізу. Музыканың тарихы мен қазіргі күйін толық түсіндіре отырып, жастардың ұлттық әндер мен аспаптар жөніндегі білімдерін дамыту.Кездесу кеші Бибігүл Сиғуатованың орындауындағы «Папури» күйімен ашылды. Одан әрі кештің басты қонағы Қуандық Мәдір жайлы бейнеролик көрсетілді. Онда өнер иесінің өмір жолы, атқарған қызметі, жетістіктері айтылды. Шара барасында студенттер тарапынан кеш қонағына «Өнер жолына келуіңіздің себебі неде?», «Шабытты қайдан аласыз?», «Біз сізді мұғалім ретінде ғана білеміз. Ал сіздің біз білмейтін тағы басқа қандай қырларыңыз бар?», «Бұл мамандықты таңдауыңызға кім немесе не әсер етті?» деген сынды Өнермамандығына, қызметіне, қоғамдағы мәселелерге қатысты көптеген сұрақтар қойылды.  Қ.Мәдір студенттер қауымының барлық сұрақтарына толыққанды жауап беріп, тұщымды ойларын айтты. Жастарға батасын беріп, ақ тілегін арнады. Көңіл-күйін смайлик арқылы көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Кешті Тарих, экономика және құқық факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майманова Нұршат Нұрқанқызы қорытындылады.

                                                                                                               Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                 «Өркен» газеті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua