Семинар кураторов в ЗКГУ

БҚМУ кураторларының семинары

Семинар 6 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы-кураторларға арналған «М.Өтемісов атындағы БҚМУ студент жастарын тәрбиелеуде ішкі корпоративтік қызметті жүзеге асыру» атты семинар өтті. Оған университетіміздегі  211 топтың кураторлары қатысты. Семинарда университетіміздің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы «Основные подходы и технологии по повышению эффективности воспитательной работы и молодежной политики в Западно-Казахстанском государственном университете имени М.Утемисова», «Рухани жаңғыру» институтының директоры Абат Сатыбайұлы «Рухани жаңғыру»: Жаңа ұрпақты ұлттық рухани  құндылықтарға баулу ісі, айқын мақсат, нақты міндеттер межесі», Орал қаласының полиция басқармасы бастығының  І орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиев «Организация работы по профилактике и предупреждению правонарушении, безнадзорности, наркомании, алкоголизма, курения, асоциального поведения студентов», Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Алғазықызы «Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын жүргізудің заманауи моделі», магистр, аға оқытушы Светлана Бақтыбайқызы «Мінез-құлықтың асоциалды формаларының алдын алу бойынша жастармен жүргізілетін жұмыс әдістері», Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасының аға кураторы Б.Ходжанова «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырыптарында баяяндамаларын оқыды. Баяндамашылар өз сөздерінде университеттің білім деңгейі, жетістіктері, студент жастарға қолайлы жағдай жасау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сынды бірқатар мәселелер мен алдағы міндеттерді саралады.

                

                                                                                                                                                                              Дандыкулова Алтыншаш

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua