Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы

Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы

31101 Көркем әдебиетті насихаттауды жаңғырту мақсатында  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  Ғылыми кітапхана және «Рухани жаңғыру»  институты бірлесе ұйымдастыруымен  Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, қазақтың белгілі жазушысы, атақты ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»  атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру,  талантты жастарды іздеп табу және көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру .Шараны  М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры,   педагогика ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығы, келешек ұрпаққа берер мол мұрасын атап өтті.Байқауға қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің проза, шығарма және мәнерлеп өлең оқу, ақынға арнау кезеңдері бойынша өзара сынға түсіп өз шеберліктерін ортаға салды. Байқауға тарих, экономика және құқық,  физика – математика, педагогика факультеттері мен кітапханатану мамандығының  1- курс студенттері белсене ат салысқандары қуантады. Бірінен – бірі оза шапқан қатысушылар өнерлерін ортаға салды.Байқауға тіл мамандары бастаған профессор – оқытушылар  құрамы төрелік етті. Байқау нәтижесінде өзінің озық орындаушылық  өнерімен ерекшеленген  Филология  факультетінің  1- курс студенті Тыныштық Нұржауған I дәрежелі дипломмен , БД-11 топ студенті Өтеуғалиев Асхат  және Фил 41 тобының студенті 31102 Өтепбергенова Ару II дәрежелі дипломмен ,МФ – 11 топ студенті Зинекенов Аңсар, МО-11- топ студенті Сембаева Ақнұр, Фил -11 топ студенті Сұлтанғалиева Назерке  III- дәрежелі оынға лайық деп табылды.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар  диплом ,алғыс хаттар мен марапатталды. Шара соңында ғылыми кітапхана директоры  байқауға қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, арнайы сыйлықтар табыс етті.Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында  үлкен роль атқарған жаңашыл ақын.  Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық!-деп ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлендерін ешқашан естен шығармайтынына сеніміміз мол.

 

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua