Еркін форматта өткен кездесу кеші

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Жастар жылына орай "Болашак-жастардың колында" атты кездесу кеші өтті. Шараны физика кафедрасының окытушысы, фи-11 тобының кураторы Жұбанышова Меруерт Нұрғалиқызы мен  студенттер бірлесе ұйымдастырды. Оған  профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының екі мәрте иегері  Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиев және физика-математика факультетінің деканы Кульжумиева Айман Аманкельдиевна  арнайы қатысып, студенттердің өнеріне баға берді. Шара барысынла топ арасынан құралған студенттер латын әліпбиінде өз есімдерін, еліміздің танымал тұлғаларының аты-жөнін  айна-қатесіз жазып көрсетті. Еркін форматта өткен кеште көптің ішінен суырылып шығып, ерекше белсенділік танытып, өнер көрсеткен, жылы  лебіздерін арнаған жандардың қарасы көп болды. Студенттердің жаңа заманға сай, жалынды істерге қадам басқанын аңғардық. Кеш соңында  студенттер  кеш қонақтарымен бірге  патриоттық рухпен  ән шырқады.

Ақмерей Жолмұратова,

ФИ-11 мамандығының 1 курс студенті

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua