Шын таланттар бас қосқан күн

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Мәдениет және өнер факультетінің студенттері арасында жыл сайын ұйымдастырылатын таланттыларды анықтау мақсатындағы арнайы жоба «Талант» байқауы қазан айының 21-жұлдызында шымылдығын түрген болатын. Байқау 22-қазан күні де өз жалғасын тапты. Кештің жұлдыздары "AWSS SHINE” тобы болды. Шара жылдың 4 мезгілін бейнелеу арқылы ерекшелене түсті. Ең алдымен күз мезгілінен басталған концерттің сахна шымылдығы "Премья" күйімен, әдемі эффектілермен ашылып, кезекті қойылымдардан кейін кеш жүргізушілерін ортаға арнайы мизансценамен алды. Байқаудың әділқазылар алқасы таныстырылған соң "Салтанат" күйін орындаушылар сахнаға сән кіргізіп, бір топ жас ақындар "Күзгі мұң" қойылымымен көрерменге ой салды. "Алға" әнін орындаған Әділет Жүсіп дүйім жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қылышын сүйретіп келген қыс мезгілін "Ай туғанда" және "Кек" поэзиялары жандандыра түсті. Одан әрі кештің сәнін бұлбұл дауысты әншілер мен мың бұралған бишілер аша түсіп, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Атап айтқанда, Альвия Рамазанова "Что меня ждет" әнін фортепианомен сүйемелдеп орындаса, "Awss Shine" жайдарман тобы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көктем мезгілінің сәнін дәстүрлі әншілер кіргізсе, "Тағдыр соққысы" атты мағынасы терең қойылым арқылы кеш одан әрі жандана түсті. Таланттардың басын қосқан жобада би топтары да өз өнерлерін паш етті. "Сұлу" би тобы заманауи биді мың бұрала билеп, кештің ең ерекше нөмірі болған "Шейх" әнін орындаушы Габдрахман Талапов мен Айгерім Бектасова көрерменнің таңдайын қақтырды. Әдемі кештің соңы қатысушылардың жалпы әнұранымен өз мәресіне жетті.

                                                         Аида Оразова,

                                                         Филология факультетінің 1-курс студенті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua