Таланттар бас қосқан күн

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Мәдениет және өнер факультетінің студенттері арасында жыл сайын ұйымдастырылатын таланттылардың тағдырын тоғыстыратын  арнайы жоба «Талант» байқауы биыл да жалғасын тапты.  Қазан айының 10-жұлдызында шымылдығын түрген байқау «Muzfak prime» атауымен ұйымдастырылды.Кешті «Cristal»  би тобы прологпен ашып,  жоба жүргізушілерін ортаға алды. Байқаудың әділқазылар алқасы таныстырылған соң «Adam» тобы «Ән әлемі» атты әдемі әнді шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Одан әрі таңдайына бұлбұл ұя салған әншілер ән салып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Атап айтсақ, «Номад» аспаптық ансамблі попуриді орындаса, «Lover» тобы «Сен болмасаң», «Тұмар» тобы «Қазағым-ай», «Шаһ» дуэті «Бір ел болса», «Гефест» тобы «Құрбыма», Жанболат Мейірбек «Аридаш» әндерін шырқап, құлақ құрышын қандырды. Поэзияға жаны құмар Арман, Құралай, Зульфира сынды жастар  көркемсөз оқыса, Асылбек Қуанышқалиев, Зульфира Кулбекова,  Арайлым Изтелеуова есімді жас ақындар жантебірентерлік өлең жолдарын оқыды.  Ал «Ғалам» КВН командасы езуге күлкі үйіртіп, көптің  қошеметіне бөленді. Өнерлілердің басын қосқан жобадан би топтары да бой көрсетті. «Cristal» тобы орыс биі мен заманауи билерді мың бұрала  билеп, кештің көркін аша түсті. «Sky Fall»  хроникалары әсерлі қойылым сомдап, кеш ҚР Әнұранымен қорытындыланды.                         

                                                                                                                                              Талант 2  Талант 3

 

Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

«Өркен» газеті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua