Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары республика көлемінде кезең-кезеңімен біртіндеп жалғасуда. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де бұл жұмысқа белсене атсалысуда. 16 қазан күні филология факультетінің ұйымдастыруымен  «Жаңа әліпби емлесін оқыту әдістемесі» тақырыбында семинар өтті. Шара оқыту процесінде латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгерту жолдарын қарастыру, педагог қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету және латын графикасына өтуді қоғамда кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын.Жиын барысында сөз алған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құспан Аронов,  философия докторы, аға оқытушы Айдарбек Ақболатов қазіргі қазақ тілінің құрылымдық, лексикалық, терминологиялық, коммуникациялық және әдістемелік түйткілдеріне, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін ересектер мен студенттерге үйрету мәселелеріне тоқталып, емле ережесіндегі ерекшеліктер жайлы сөз қозғады. Еркін форматтағы семинар барысында спикерлер тілдік зерттеулердегі жаңалықтармен бөлісіп, қатысушылар құнды ақпараттарға қанықты.Семинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua