"Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы" тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті»

bkmu

bkmu3

bkmu4

 

Кеше, 14.10.2019 күні сағат 15:00-де басты ғимарат конференц залда Педагогика факультеті ұйымдастырған 14.10-18.10.2019 ж.ж. күндері аралығында болатын «Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы» атты облыстық семинар-тренингтің ашылуы өтті. Бұл семинардың мақсаты: инклюзивті білім беру және ерекше білім беруге қажеттігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері мен перспективаларын талқылау; ЖОО-да инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясымен таныстыру; серіктес мекемелер мен ЖОО педагогтары арасында белгіленген мәселелерді шешу үшін тәжірибе алмасып, бірлескен қызмет ұйымдастыру.

Семинар конференциядан басталды. Конференцияға оқу ісі жөніндегі ректордың орынбасары т.ғ.д., доцент Тасмагамбетов А.С., академиялық қызмет департаментінің директоры Кайсагалиева Г.С., факультет декандары, кафедра меңгерушілері, «Педагогика», «Филология» және «Мәдениет және өнер» факультеттерінің оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты. Сонымен қатар, бұл конференцияға «Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешені» мен «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатынан» арнайы мамандар шақыртылды. Конференцияда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Арыстангалиева В.Т. мен Панищева О.А. «Инклюзивті білім берудің негізгі мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің логопеді Тулеушова Г.С. «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыстанудың логопедиялық аспектілері» тақырыбында, ал облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының тифлопедагогы Талапова С.Т. «Көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыстануда тифлоқұралдарды қолдану» тақырыбында баяндама оқып, шеберлік сыныптарында көрсеткен болатын.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua