Жастарды адалдыққа шақырды

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өскелең ұрпақтың өн бойына  адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және  жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің ұйымдастыруымен жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Жиын барысында сөз алған оқу орнының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы шараның мән-маңызына тоқталса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің маманы Ерқанат Ерланұлы мен университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы  адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін айта келе, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді. Жас ұрпақтың парасаттық қағидаларын жүзеге асыруда, жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда адалдық адамға  ең қажетті құндылық екені, адалдық болмаса қоғам құлдырайтыны жөнінде әңгіме өрбіді. Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің маманы Ерқанат Ерланұлы:-Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі – адалдық. Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болуы – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан туады. Сіздер үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақсыздар. Алдағы уақытта да арларыңызға дақ түсірмесеңіздер екен дейміз. Лайым адал болайық, жамандықтан ада болайық! – деді.Одан әрі білім алушы студенттерге арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, сол арқылы  адалдық – парасаттылықтың  ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі түсіндірілді.Жалпы бірыңғай сабақ соңында университет ұстаздары өз ойларын айтып,  жастарды адалдыққа шақырса, студенттер азат елдің адал  ұрпағы болуға серт етті.

Адал 1  Адал 2

 

                                                                                                                                                               Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                                                                               «Өркен» газеті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua