«Ата Заң – азат елдің ар-намысы»

IMG 9570 miniБүгін М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Рухани жаңғыру» институты мен құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен шақырулы қонақтар қатысты. Аталған шарада заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қусдавлетов Хамидулла Мұхитұлы «Мемлекеттің бастауы», БҚО сотының мемлекеттік тілді дамыту бойынша бас маманы Бақтұғылов Меңдіғали Жүсіпқалиұлы «Конституция – құқықтық мемлекет өзегі», облыс прокурорының аға көмекшісі Ахметжан Бауыржан Закиұлы «Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау жолында», БҚО ҚХА «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Погодин Сергей Михайлович "Конституция – тарихымыздың мақтанышы», ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Мұратов Ринат Ғаниматұлы «Парасаттылықты қалыптастыру – Құқықтық мәдениетті арттырудың жаңа механизмі» тақырыптарында баяндамалар жасап, шара соңы пікіралмасуға ұласты.

 

IMG 9582 mini

IMG 9584 mini

IMG 9604 mini

IMG 9589 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua