Теректі ауданына экспедиция ұйымдастырды

WhatsApp Image 2019-04-12 at 18.53.512019 жылдың 12 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобалары және ҚР ғылым саласы қызметкерлері күні аясында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Теректі ауданына экспедиция ұйымдастырды. Бұл сапарға университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қ.М.Ахмеденов, археология, этнология және антропология зерттеу зертханасының кіші ғылыми қызметкері У.Сагидуллин, университетімізге арнайы шақырылған итальяндық ғалым, археолог Жан-Лука Бонора, интернационализация орталығының жетекшісі В.С. Зубков, танымал өлкетанушылар, «Үздік өлкетанушы» атағының иегерлері А.Ш. Құрымбаев, Қ.Қ. Қабжан қатысты. 19 ғасыр шамасындағы 20 құлпытастан тұратын Мәмбетсай ауылы маңындағы Шұнқыркөл атты бұрын зерттелмеген және есепке алынбаған қорым зерттелді. «Құлпытастарды оқу барысында қорым кердері руының көтермен және жабағы бөлімдерінің екендігі аңықталды. Теректі ауданының Жаңаөмір ауылдық округінің Мәмбетсай (Социализм) ауылына барып жергілікті қариялармен кездесіп, өлкенің тарихын сұрастырдық. Әрі қарай далалық мәліметтер мұрағат ақпараттарымен және шежіремен сәйкесті зертелетін болады. Осы бағыттағы жұмыс өзінің жалғасын табады» деді экспедиция сапарын қорытындылаған университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қ.М. Ахмеденов.

WhatsApp Image 2019-04-12 at 18.56.16

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua