«Ұлт санасының жаңғыруы және Ұлы дала құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

IMG 5980 miniБүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына 2 жыл толуына орай «Ұлт санасының жаңғыруы және Ұлы дала құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға төрағалық етуші М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Н.Х.Серғалиев:
«Осыдан екі жыл бұрын Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жарық көріп, ұлтымыздың санасын жаңғырту бойынша шаралардың бағыттары айқындалған болатын.
Бүгінгі «Ұлт санасының жаңғыруы және Ұлы дала құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямыз аталған стратегиялық маңызға ие бағдарламаны іске асыру барысын талқылау мен нәтижелерді қорытындылап, болашақ жұмыстарымызды нақтылауға бағытталып отыр" деп атап өтті.
Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов, зиялы қауым өкілдері, облыстағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамы, Италия елінен арнайы келген ғалым, философия ғылымдарының докторы, археолог Жан-Лука Бонора, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жастар, Өңірлік сараптама кеңесінің мүшелері қатысты. Өз кезегінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы руxани жаңғыру бойынша 2 жыл уақыт ішінде өңірде жүргізілген жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлармен бөлісті. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне Италиядан дәріс оқуға арнайы келген PhD доктор, археолог Жан-Лука Бонора «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өз пікірін білдірді. Елорда туралы жылы естеліктерімен де бөлісті. Конференцияның пленарлық отырысында ғалымдар А.С.Қыдыршаев, М.Б.Сабыр, Ж.Ж.Жақсығалиевтер баяндама жасады. Конференция жұмысы екі күнге созылады және екінші күнгі жұмысына Ресей Федерациясының ғалымдары онлайн-режимде қатысады.


IMG 5927 mini

IMG 5947 mini

IMG 5972 mini

IMG 6046 mini

фото Рафхата Халелова 22 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua