Саратовқа іссапар

Орыс филология кафедрасының аға оқытушысы С.Г. Турегалиева және экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Ф.К Мухамбеткалиеваның РФ Саратовқа іссапары туралы

АҚПАРАТ

11042019 2 Іссапар мақсаты:

-ақпарат тарату (жоғарғы оқу орнының тарихы, оқыту жағдайы және жатақхана туралы, университеттің оқу-тәжірибелік базасы жайлы);

-жоғарғы оқу орнының ББ таныстыру;

-жоғарғы оқу орыны туралы жарнама (флаер, ақпарат қағаздары, газет арқылы жоғарғы оқу онын таныстыру);

- шетелдік қазақ азаматтарына грантқа түсу мүмкіндіктері бар екендігі туралы түсіндіру;

-ақылы бөлімдерге қабылдау.

Қазақстан және шетел мемлекеттері арасында халықаралық келісім шартқа сәйкес білім беруге байланысты маңызды ереже қарастырылғаны жайлы келісімшарт жасалған.

БҚМУ –да 2019 жылы талапкерлерді оқуға қабылдау бойынша шетел талапкерлерін мемлекеттік грант және ақылы оқуға қабылдаудың өзекті жаңа жобасы жүргізілуде. Шетел талапкерлері әңгілесу арқылы ақылы негізде оқуға түсуге болады. Жалпы шетелдік қазақ азаматтарына грантқа түсу мүмкіндіктері бар екендігі туралы апарат берілді.

Жобаны жүзеге асыру үшін талапкерлерді оқуға шақыру мақсатында кәсіби бағдар жұмысын жүргізуге 6 сәуір күні Ровное аулына ұлттық «Наурыз-2019» мерекесіне М. Өтемісов атындағы БҚМУ-нің орыс филология кафедрасының аға оқытушысы С.Г. Турегалиева және экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Ф.К. Мухамбеткалиева іссапармен барды.

Соның ішінде жобаның басым бағыттары – шетел студенттерін оқуға қабылдау ережесімен ресей азаматтарын ақпараттандыру. Оларды оқу үрдісінің жоспарымен, университетте оздырылатын спорттық және мәдени іс-шаралармен, оқыту жағдайы, университет тарихын, 8 сала бойынша 52 түрлі мамандарды даярлайтындықтарын және жатақханалары жайлы толығырақ айтып жеткізілді. Университетте алған дипломдары Еуропалық үлгідегі екендігін, Ресей және алыс жақын шетелдерде де жұмыс жасауға болатындығы айтылды.

Үгіт-насихат жқмыстары барысында университеттің «Өркен» газеті, ақпарат қағаздары басқа да материалдары таратылды. Саратов қаласында жұмысты жүргізуде «Достар» Қазақ ұлттық орталығы көмектесті.

Нарыз мейрамын Саратов облысындағы қазақ диаспор бірлестіктері ұйымдастырған. Мейрамға Саратов облысы, аймақ аудандарының үкімет мүшелері, сонымен қатар құрметті қонақтары болып: Қазақстан Республикасынан арнайы делегация мүшелері, елшілері, қоғамдық бірлестіктер соның ішінде Астрахан қаласынан Канат Шеккалиев, Атырау қаласының әкімінің орынбасары Айгуль Ажигалиева, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Габидолла Оспанкулов келді.

Жергілікті аудандар және ұлттық-мәдени бірлестіктер ауылдың орталық көшесіне киіз үйлер құрып, ұлттық мәдениетті көрсетті, ұлттық киімдермен қонақтарға ұлттық тағамдарды сыйлап, концерттік бағдарламалар көрсетті. Алаңға кіре берісте құметті қонақтарға конфеттер, манеталармен шашу шашып қарсы алды. Наурыз мерекесін барлық ұлттар Саратов облысының барлық ауылдары тойлады. Саратов облысының биылғы жылы 20 жылдық мейрамын тойлап отырған қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктері белсенділік танытты.

-1999 жылы жас балалар мәдениетті сақтау үшін біріккен, ал қазір бұл үлкен ұйым. Дәстүрлі ұлттық мейрамға қатысу – бұл қазақ ұлтының салт-дәстүрлерін, мәдениетін біліп, мәдени алмасу арқылы үйренуге, сонымен қатар екі жақты ынтымақтастық достық қарым-қатыснасты нығайтудың негізі болып табылады (Саратов облысы үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Стрельниковтың құттықтау сөзінен).

 

11042019-1 2

11042019-2 2

11042019-3 2

 

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua