1 сәуір күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Нұрлан Хабибуллаұлының университет ұжымының алдындағы есеп беру кездесулері басталды

Фото Рафхата Халелова 67 mini1 сәуір күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Нұрлан Хабибуллаұлының университет ұжымының алдындағы есеп беру кездесулері басталды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне университет дамуының негізгі стратегиялық бағыттары туралы баяндалды. Университеттің білім беру қызметінде ректор прогрессивті дамуды атап өтті: бұл материалдық-техникалық базаның жетілдірілуі және кеңейгені, білім беруде жаңашылдықтардың орын алуы және жаңа мамандықтарды жаңарту бағытында айтарлықтай жұмыстардың атқарылуы.
Қосымша білім беру мен қос дипломдық бағдарламалар ауқымының кеңейтілгені, университеттің ҰАҚ-қа өтуге, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті филиалының ашылуына, жаңа студенттік қалашықтың және жаңа спорт зал құрылысына дайындық жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы баяндалды.
Университет басшысы академиялық ұтқырлық бағдарламасының белсенді түрде жүзеге асырылып жатқандығына, университетімізде Германия, Италия, Польша, Корея, Ресей және т.б. елдерден шақырылған профессорлардың жұмысына да арнайы тоқталып өтті. Мұның бәрі еуропалық және ресейлік жетекші университеттер және серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге, педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарында оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Есептік кездесуде университеттің қаржы-шаруашылық қызметі толығырақ сипатталып, одан арғы перспективалар анықталды. Қорытындылай келе, Нұрлан Хабибуллаұлы университет ұжымының білікті мамандарды даярлау мен руxани санасы жаңғырған жастарды тәрбиелеудегі маңызды ортақ істе қолдау танытқандары үшін ұжымға алғысын білдірді.

 

IMG 4919 mini

Фото Рафхата Халелова 14 mini

Фото Рафхата Халелова 32

Фото Рафхата Халелова 26

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua