«Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі

2019 жылдың 29 наурызы күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мен Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіруші түлектерге, жұмыссыз жастарға және өзге де санаттағы жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Шараның мақсаты – жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жастарды мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңінен ақпараттандыру.
Сонымен қатар, шара барысында «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «ZhasProject» бағдарламалары, кәсіп ашу, тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері, электрондық еңбек биржасы тақырыптары бойынша және «Soft Skills» семинар-тренингтері ұйымдастырылып, тегін кеңес беру бұрышы жұмыс жасады.
Бос орындар жәрмеңкесінде облысымыздың ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындары, Орал қаласы мен аудандық мемлекеттік мекемелері(денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салалары және ЖОО, АОО оқу орындары, т.б.) 45-тен астам мекеме 800-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.
Осы қатардан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де көрінді. Университеттің Мансап орталығы болашақ түлектерге бос жұмыс орындарын таңдауға көмектессе, жоғарғы оқу орнынан кейін білімін жетілдіремін дегендерге магистратура ережелері мен мүмкіндіктері ашып түсіндірілді. Жалпы саны 1000-нан асқан келуші болды. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua