«Музейстар – 2019» атты жобаның ашылу салтанаты өтті

IMG 2074 miniБүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жастар жылына арналған «Музейстар – 2019» атты жобаның ашылу салтанаты өтті. Жобаның мақсаты – өңірімізде жастарға білім беретін оқу орындарын көпшілік назарына ұсыну арқылы Ақ Жайықтың таңдаулы жоғары және орта арнаулы оқу орындарын халыққа таныстыру. Жоба бойынша БҚОМ көрме залында ай сайын өңіріміздің таңдаулы оқу орындары туралы «Білімді жастар – ел болашағы» атты көрме жабдықталып, Орал қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының назарына ұсынылады. Бүгінгі Көрісу мерекесінен бастау алған жоба 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Қатысушы жеті оқу ордасының ішінен алғаш бастаған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Аталмыш шараға М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы, БҚО Мәдениет басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы, БҚО бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің жетекшісі Салтанат Тұманбаева қатысты. Музей гиді Орал қаласының құрылуынан бастап, алғаш салынған ғимараттарға тоқталып, өңірімізде ғана емес, республика көлеміндегі алғаш ашылған оқу ордасы Маxамбет университетінің тарихымен таныстырды. Қара шаңырақтан қанат қаққан, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің, халық қалаулыларының, ҰОС ардагерлерінің суреттеріне де шолу жасалды. Музейдегі экспонаттардың қатарына университет студенттері дайындаған түрлі әшекейлер мен көйлектер, тұрмыстық бұйымдар да қойылған.

 

IMG 2058 mini

IMG 2040 mini

IMG 2066 mini

IMG 2016 mini

IMG 2029 mini

IMG 2033 mini

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua