М. Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерді жұмысқа орналастыруда Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді!

М. Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерді жұмысқа орналастыруда Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді!

Мемлекетіміздің басшысы Н. Назарбаев: "Егер олар жұмыс таба алмаса, онда бұл жоғары оқу орны өз рөлін орындамай отырғанын білдіреді", -деп жоғары оқу орындарының алдына түлектерді жұмысқа орналастыру туралы мәселені қатаң қойғаны белгілі.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (МДМ) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысымен 2018 жылдың қорытындысы бойынша түлектерінің сұранысқа иелігі мен жұмысқа орналасуы жөнінде еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингін жасады.

Еліміздің Батыс өңіріндегі жетекші жоғары оқу орны - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті аталған рейтингте 101 оқу орнының ішінде 12-орын иеленді!

Құттықтаймыз!!!

 

Сілтеме

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua