«Балалар әлемі» біліктілікті арттыру курсы - заманауи бірегей жоба

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аттыЖолдауында «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс...Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» - делінген. Сонымен қатар, Елбасы еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет екенін айқындаған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту, оларды заман талабына сай даярлау басты назарда болуы тиіс.

Осы бағытта М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Х. Сергалиев бастамасымен университет қабырғасындағыПедагогикалық Инноватика Халықаралық лабораториясыдаярлағанпрофессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттырудың бірегей жобасы жүзеге асырылуда.  2018-2019 оқу жылы қазан айынан бастап университет ПОҚжаңартылған білім мазмұны аясында «Балалар әлемі» жалпы білім беретін мектептерде біліктілікті арттыру курсы бойынша педагогикалық тәжірибеден өтуде. Курстың мақсаты - оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан оқытушылардың  педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Берілген жобаның мақсат-міндеттері мен бағдарламасын ДББҰ НЗМПедагогикалық Шеберлік Орталығының Орал қалалық филиалы, БҚО білім басқармасы, Орал қалалық білім басқармасы және Орал қалалық жалпы орта білім беретін мектептер ұжымы қолдап, жүзеге асыруына ат салысты.

Биылғы жылдың қазан және қараша айында университеттің 30 оқытушысы, яғни курсқа қатысушылардың алғашқы екі легі қаламыздың келесі мектептерінде педагогикалық тәжірибеден өтті: С.Сейфуллин ат. № 11 облыстық мектеп-интернат кешені, № 1, 3, 9, 16, 21, 23, 30,38, 43, 48 жалпы орта білім беретін мектептер, № 8 мектеп-лицей, №34, 42, 44 мектеп-гимназиялар.

Тәжірибе барысында оқытушылар 1 ай көлемінде мектепте бекітілген менторларымен бірігіп, өнімді жұмыс жасады, тиімді тәжірибе алмасты. Курс барысында жағартылған бағдарламалармен білім алатын сыныптарда жүргізілетін пәндердің негізгі құжаттарымен танысты, олардың ішінде: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалауға арналған басшылық. Сабақты жоспарлау кезінде осы құжаттарды қолдануы және қай құжаттан нені басшылыққа алатынын анықтай алуды тәжірибеде бақылай отырып үйренді. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы болып табылатын әр пәннің ерекшелігінің ескерілуі де педагогикалық тәжірибеде есепке алынды. Сол себепті бағдарламаның оқу-әдістемелік кешенінде өз пәнін сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, белсенді оқу, тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары, мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, ойлау дағдыларын қалыптастыру, оқытудың маңыздылығы, оқушыларды уәждеу, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, тиімді кері байланыс ұсыну, критериалды бағалау және жоспарлауға дейін негізгі мәселелерді мұғаліммен талдай отырып қарастырды. Бағдарламаның спиральді қағидатпен берілуін бақылады.

Осыған орай,біліктілікті арттыру курсы шеңберіндегі педагогикалық тәжірибе университеттегi теориялық оқыту мен мектептегі жаңартылған білім берутәжірибесі арасындағы байланыстырушы буын болып табылып, өте құнды педагогикалық iс-әрекет дағдыларымен қаруландыруға бағытталған. Тәжірибеде байқаған жаңартылған білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, оқытушылар оқу пәндері бойынша білім бағдарламаларына өзгерістер енгізуде. Осылайша, жаңартылған білім беру жағдайына студенттерді университет қабырғасынан даярлау жүзеге асырылады. Мақсаты -студенттерге болашақ кәсіби іс-әрекетіндежаңартылған білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуге үйрету және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді меңгерту.

Курстан өткен оқытушылардың пікірінше, бір ай бойы мектептегі балалардың арасында болу кәсіби құндылықтарды қайта қарауға, кәсіби білімді жетілдіруге, кәсіби қызметті өзгертуге бірегей мүмкіндіктер берді. XXІ ғасырдағы балалар әлемінде сыни ойлау, командада жұмыс жасау, креативтілік пен коммуникативтік дағдылары өзара оқыту мен өзара бағалаудан, критерий негізінде өзін-өзі бағалаудан, жоғары деңгейлі сұрақтар қоя білу әрекеттерінен көрініс тапқандығын оқытушылар баса айтады. Курсты аяқтаған оқытушылар рефлексия кезеңінде алған тәжірибесін қорытып, келесі түйіндержасады: «Өзгеруіміз керек», «Lesson Study үрдісіне қатысып, зерттеуші, эксперт рөлдерін меңгердім», «Балаларды жаңа қырынан танып, олардың дәстүрлі жүйеде білім алатын оқушылардан ерекшелігін байқадым» және т.б.

Курс барысында оқытушылар, мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінен келесідей ұсыныстар жасалды:

мектептегі тәжірибеден бұрын арнайы теориялық семинарлар өткізу, оған «Өрлеу» БАҰО» АҚ және ДББҰ НЗМ ПШО тренерлерін қатыстыру;

курс бағдарламасына мектептегі пән мұғалімдеріне оқытушылар тарапынан әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасуды енгізу.

Барлық ұсыныстар ескеріліп шешімін табуда,ал басым озық жақтары әр тәжірибе легімен дәлелденуде және іске асуда.«Балалар әлемі» біліктілікті арттыру курсы ағымдағы оқу жылы бойы жалғасады, жоспарға сәйкес 100-ден астам оқытушылар мамыр айына дейін мектептерге тәжірибеге барады.

Аталған біліктілікті арттыру курсы Республикамызда ЖОО арасында жаңартылған білім беру аясында мектеппен тығыз байланыс орнату бағытында жасалған алғаш тәжірибе. Алдағы уақытта жобаны әрі қарай өңдеп жетілдіру, сапалы нәтижеге қол жеткізу және озық үлгілерін өзге университеттерге тарату жоспарлануда.

 

Габдрахманова Ш.Т.,п.ғ.к., Педагогикалық Инноватика Халықаралық лаборатория жетекшісі.

Калаханова С.Б., педагогика және психология магистрі, курс координаторы.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua