«Ұлттық бірегейлікті сақтау және жаһандану сыны»

титулка 1 mini

2018 жылы 26 қазанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» институты мен тарих, экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» ұстанымын жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау және жаһандану сыны» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Конференция жұмысы «Ұлттық бірегейлік теориясы және әлемдік тәжірибе» және «Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы ұлттық бірегейліктің қалыптасуы, орны және маңызы» аталған негізгі екі бағытта оздырылды.

Конференция жұмысына университеттің ғалым-оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты. Конференция жұмысында университет ғалымы, «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының доценті фил.ғ.к., Науанова К.М. - «Духовные ценности как основа национальной идентичности казахского народа», Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университетінен, «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы, т.ғ.к. Хайдаров Е.Е. - «Ұлттық бірегейлік тәуелсіздіктің айқын белгісі ретінде», №46 Жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің Сатдыкова Н.Н. «Қазақстан тарихы сабақтарында өлке тарихын оқыту арқылы ұлттық бірегейлікке тәрбиелеу», М. Өтемісов ат. БҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Т.Т.Шайхиев – «Қазақстандық ұлттық бірегейлік қалыптасуындағы ҚХА рөлі» атты тақырыптарда ғылыми баяндамаларын жасады.

IMG 5183 mini

IMG 5216 mini

IMG 5217 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua