«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

фото Халелова Рафхата 259-min

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы Батыс Қазақстан облысына сапары аясында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, «Ақпараттық технологиялар мамандарын даярлау» партиялық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында оқу орнының ақпараттық технологиялар орталығы жұмысымен танысты. Партиялық жобаны жүзеге асыру аясында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар орталығында IT сыныптарына информатика мұғалімдерін оқыту бойынша жұмысын бастаған болатын. Оқыту курсы роботтехника, оқу теледидары және графикалық жобалау, бағдарламалау кабинеттерінде өтті. 2018 жылдың 1 тамызында курсқа адлғашқы топ қабылданып, курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді. 2018 жылы 30 маман оқытумен қамтылса, 2020 жылға дейін барлығы 90 маманды оқыту жоспарланып отыр.
 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua