Ғибратты ғұмыр өрінде

      ychenni1Обылыстық қазақ драма  театрында тарих жолында өзіндік  орны бар дара тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті мүшесі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик  Тұяқбай Зейітұлының «Қазақстан тарихы мәселелері және академик Т.З. Рысбековтың ғылыми мектебі» атты халықаралық  ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Шара М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 85 жылдық мерей той аясында ұйымдастырылып, жетпістің төріне жайғасқан ғалым Тұяқбай Рысбековтың  еңбек жолына арналды. Бас қосу барысында Қазақстан мен Ресей, шетел ғалымдары академиктің тарих саласына қосқан сүбелі еңбегін әңгімеледі. Шара барысында Тұяқбай Рысбековтың таңдамалы жұмыстары енгізілген 5 томдық кітаптың тұсауы кесілді. Арнаулы жиынға М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми кітапхана ұжымы  «Ғибратты ғұмыр өрінде» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.  Тарихи  әдебиет көрмесі  5 бөлімге топтастырылып: «Өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметі», «Ғылыми еңбектері», «Халықаралық, республикалық, конференцияларда жасалған баяндамалары», «Ғылыми мақалалары», «Білім және ғылым жолындағы жетістіктері»  топтастырылған болатын. Тұяқбай Зейітұлы тарих жолында өзінің  еңбегімен жазылған  600-ден астам ғылыми еңбектері, олардың қатарында 10-шақты монографиялық жұмыстармен очерктер, 30-ға тарта әдістемелік құралдары  бар.  Тарих жолында –өзінің қолтаңбасын қалдырып, шәкірт тәрбиелеп жүрген  дарын иесіне М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың киелі қара шаңырағының төрінде  Тұқбай Зейітұлының еңбек жолдары өрнектелген  дәрісхана ашылды. Дәрісхана заманға зай жабдықталып, өскелен ұрпақты тарихты таңып білуге бағыттауға өзінің ғылыми еңбектерін сыйға ұсынды. Тарихты зерделеп зерттеген  Тұяқбай Зейітұлына толағай табыстар, шығармашылық жұмысына шабыт, қаламыңыз тек ұштала берсін деп тілек білдіреміз.ychenni2



     
     


 



ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua