Рухани жаңғыру- ұлттық жаңару

     Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған ел жаңғыруының басты бағыттарының бірі қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі болатын.

11Осыған орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапхана ұжымы мен Қазақ филологиясы,  Тарих, экономика және құқық, Педагогика және психология, Жаратылыстану-география, Физика-математика   кафедраларымен бірлесіп,   арнайы құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Латын тіліне көшу ана тілінің рухани кемелденуінің негізі», «Жаңа әліпбиге көшу – маңызды мәселе», «Әліпбиді ауыстыру – руханиятымыздың тәуелсіздігі», «Латын әрпі – болашақтың бастауы» тақырыбтарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.    Аталмыш шараға филология ғылымдарының докторы, Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық  филиалының директоры 13Жексенғали Болат Өтеғалиұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, А. Романова , Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, РHD докторы, А. Ақболатов,  педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Мұханбетчина А.Ғ. және Ш.Алтыбаева, А.К.Тоғжанова, Л.Ибрагимқызы, Р.Д.Сариева, А.К.Нурманова оқытушылар құрамы,   сонымен қатар   аталған факультетттердің 1 курс студенттері толықтай қатысты. Шара барысында,  арнайы шақырылған тіл мамандары  11 қыркүйекте «Мемлекттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда  ұсынылған латын графикасын негізге ала отырып, студенттерге латын әрпінің таңбалануын түсіндіріп берді. Одан әрі студенттер қазақ жазуын кириллицадан латын графикасына көшіру мәселесіне  қатысты ой пікірлерімен бөлісіп, өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап алды. 14 Ғылыми кітапхана кітапханашылары Н.К. Есенғалиева, В. С. Мұхтарова, С. М. Сабырова, А. С. Жүсіпова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты әдебиеттер көрмесіне шолу жасады. Көрмеленген әдебиеттер үш бөлімге топтастырылған: Бірінші бөлімінде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жолдауына  байланысты баспасөз бетіндегі жарияланымдар. Екінші бөлімінде қазіргі  таңдағы өзекті мәселе болып отырған Латын тіліне көшу жөнінде жазылған сын-пікірлер топтастырылған. Қорытынды бөлімінде ғылыми кітапхана қорының сирек кітаптар мұражайындағы  латын әрпімен жазылған құнды кітаптар көрмеленген. Шара соңында Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев  тіл жанашырлары, болашақ жас мамандар осы қазақ жазуының таңбалануын бір жүйеге келтіруде ат салысып, сүбелі үлес қосып жүрген екі бірдей ғалым Мұрат Сабыр Бөкенбайұлы мен Болат Өтеғалиұлы Жиенғалиға оқытушылар мен студенттер атынан ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. 15
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Дамыған 30 елдің қатарына кіруді жоспарлап отырған мемлекетіміз үшін бұл реформа өте қолайлы деп ойлаймыз.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua