ҰЛТТЫҢ ҰПАЙЫН ТҮГЕНДЕГЕН ҚҰЖАТ

«Ақжайық» емдік шипажайында Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгіновтың қатысумен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Державин атындағы орденінің иегері, Халықаралық Махмұд Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты, Державин атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы Сәбит Досановпен кездесу кеші оздырылды. Бұл кездесудің мақсаты – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы ой өрбіту. «Елбасының болашаққа айқын бағдарын толықтай қолдаймын» деді әдебиет арнасына үлес қосқан Сәбит Досанов. Қаламгер өзіңін өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертіп, сұрақ-жауап түрінде, еркін форматта өткен кездесу кешінде оқырмандардың сұрақтарына еркін, салмақты, салиқалы жүйелі түрде жауап берді. Қаламгердің «Қыран қалғымайды» повестер жинағы мен «Тау жолы», «Қыран мен жылан», «Екінші өмір», «Жер тағдыры», «Адаспаңдар адамдар» шығармалары жазушыны өмірдің өзекті мәселелерін көтерген, өткір көркем сөз шебері ретінде танытты. Кеш соңында облыс басшысы Алтай Көлгінов қаламгерге шапан кигізіп, естелік сыйлықтар табыстады. Әсерлі көркем кешке келген оқырман қауым Сәбит Досановтан қолтаңба алып естелік суреттерге түстіп қуанышты көңіл-күйде тарқасты.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua