ЭКСПО – БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Қазақстанның көрікті қаласы Астанада өтіп жатырған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 мамандандырылған Халықаралық көрмесіне, өз отанымызға деген патриоттық сезіммен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапхана ұжымы   болып тамашалап қайттық. Күннен күнге көркейіп келе жатырған ару қала Астанамызбен қуанышты көңіл күйде қауышқан болатынбыз. Үш күнге созылған демалыс уақытымыздың алғашқы күні арайлы Астанамыздың көрікті жерлері «Бәйтерек», «Ханшатыр», «Қазақ Ұлттық өнер университеті»,  және  «Қазақстан Республикасы қарулы кұштерінің әскери-тарихи музейіне» экскурсия жасап, киелі «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып ниет еттік.   

expo bibliotekaЭКСПО – көрмесі техникалық  және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Сол мақсатта Халықаралық көрмеге 115 мемлекет ат салысқан. ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесінде электро-энергетика, ауызсумен қамтамасыз ету және туризим сияқты салалары қарастырылған павильондар көз тартады. Соның ішінде 8 қабатты шар тәріздес ғимаратта орналасқан «Нұр Әлем» Қазақстан павильоны өте керемет   безендірілген. Жас ғалымдарға арналған «Show» павильоны да ортадан табылды. Онда  ауыл мен қаланы қалай дамытар едің деген инттелектуалдық тест сұрақтар көрсетілген. Егер ұтымды жауап көрсетілсе экранға есімі шығарылады. ЭКСПО-2017 қалашығында туристтерге барлық жағдай қамтамассыз етілген.  Кең таза ауа, демалып отыратын орындықтар және балаларға арналған ойын сауық кешені де бар.     ЭКСПО – 2017 көрмесінің   жас ғалымдарға, студент жастарға және жалпы көзі ашық қазақ халқына берер әсері мол.  Көрмеге қатысу біз үшін үлкен мәртебе.    Әр мемлекеттің тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жаңа технологияларын тамашалауға мүмкіндік берген университет ректоратына алғымыз шексіз. ЭКСПО көрмесі халықтың ауызынан түспейтіні хақ. Біз үшін Қазақстанымыз көркейіп, көк туымыз көгімізде желбіреп, Астанамыз әлемге әйгілі алып шаһарға айналсын деп тілек білдіреміз!

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua