Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы әкімдігі өкілдерінің түлектермен кездесуі

2017 жылдың 13 наурыз күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің акт залында Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы әкімдігі өкілдерінің түлектермен кездесуі өтті. Кездесуге университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Сырым ауданы әкімінің орынбасары Саркулов А.А., аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерғазиева З.М., аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Қапиз М.С., аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Тайшиев Д.Е., аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Жүкей М.С. қатысты. Кездесуге қатысқан Сырым ауданынан шыққан М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, Батыс Қазақстан медицина колледжінің биылғы түлектеріне алдымен Сырым ауданында 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Кездесуде сөз алған аудан өкілдері түлектерді ауданға тарту, жас мамандарды қолдау бағдарламалары, бос жұмыс орындары туралы баяндады. Кездесу барысында аталмыш оқу орындарының бітіруші курс студенттері түрлі мәселелерді қамтитын сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды. Кездесу пікір алмасу, сұрақ-жауап түрінде өтті.

 

01

02

03

04

05

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua