2016 жылдың 20 мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2016 жылдың 20 мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы еуразия ақыны Ғ.Тоқайдың (1886-1913) туғанына 130 жыл толуына және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тоқай әлемі: философия, эстетика, тіл» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

1

            Конференцияға Санк-Петербург, Қазан, Уфа, Самара, Астана, Атырау, Орал және т.б. қалалардан келген ғалымдар, оқытушылар, тоқайтанушылар мен педагог мамандар қатысты.

            Пленарлық отырыста М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор, академик, педагогика ғылымдарының докторы А.С.Иманғалиев, бірінші проректор, тарих ғылымдарының докторы, доцент Ә.С.Тасмағамбетов, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының докторы А.С.Имашев,  сонымен қатар педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Т.Утегенова конференция қонақтары мен қатысушыларын қарсы алды.

            Қазаннан келген қонақтардың атынан Қазан федералдық университетінің ректоры И.Р.Гафуов және Л.Толстой атындағы ҚФУ филология және мәдениетаралық коммуникация Институтының директоры Р.Р.Замалетдинова құттықтау сөзін сөйледі.

2

 

            Отырыста орыс және татар тілдерінде баяндама жасағандар: Р.А.Абузяров – М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ғ.Тоқай Еуразиялық Орталығының төрағасы;  З.З.Рамеев – профессор, Г.Ибрагимов атындағы тіл және әдебиет Институтының филология ғылымдарының докторы; Ф.З.Яхин – филология ғылымдарының докторы, Г.Ибрагимов атындағы тіл және әдебиет Институтының текстология бөлімінің меңгерушісі; Т.Ш.Гилазов – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Толстой атындағы ҚФУ филология және мәдениетаралық коммуникация Институтының татар әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; Н.Ш.Насыйбуллина – филология ғылымдарының кандидаты, Тіл институтының музыкалық және жазбаша мұра Орталығының, Г.Ибрагимов атындағы әдебиет және өнер Татарстан Республикасы ғылым Академиясының ғылыми қызметкері; Л.А.Медведева – Қазан қаласындағы Ғ.Тоқай Әдеби мұражайының ғылыми қызметкері.

3

            Ғабдолла Тоқай шығармашылығының академиялық 6-томдық баспасының презентациясы өтті, сонымен қатар шетелден келген бірқатар қонақтар университет кітапханасына бағалы кітаптар мен мақала жинақтарын табыс етті.

            Конференция «Заманауи әлемдегі Тоқай мұрасы», «Заманауи кезеңдегі орыс әдебиеттануы» және «Лингвистиканың өзекті мәселелері» атты секция отырыстарымен жалғасты.

            Конференция қорытындысы бойынша баяндама жинағын баспаға шығару жоспарда бар.

4

 

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua