ЖОЛДАУ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Қазақстанның экономикасы жо­ғарыға сатылай көтеріліп, ретімен дамып келеді, яғни мұнда экономика­ның экстенсивті дамытудан интен­сив­ті дамытуға көшкенін анық көруге болады. Тарқатып айт­қанда, бұрынғыдай жаратылыс байлықтарын, шикізатты экспорт­қ­а шығаруға басымдық бермей, жа­ңа технологияларды пайдалану­ға, керекті өнімдерді еліміздің өзін­­де өндіруге, сыртқа дайын заттарды шығаруға ден қойылды. Біздің Президентіміз елдің экономикасымен қатар жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Осыған байланысты 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасаған болатын. Бұл үлкендердің, сонымен қатар кіші буынның да жағдайын жасауға арналған жолдау болды деп есептеймін. Себебі6 үлкендер үшін зейнетақы мәселесі, ал кіші буын үшін оқу бағдарламалары жөнінде мәселелер қаралды. Мен өзім студент болғандықтан маған қатты ұнағаны - "Дипломмен ауылға" жобасы. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде ең керекті маман иелері тапшы немесе жоқтың қасы. Сондықтан осындай жағдайларды азайту үшін, сонымен қатар дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау мақсатында Президентіміз 20 млрд. теңге қаржы бөліп, бұл бағдарламаның аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейге көтеруді тапсырды. Бұл - ауылда тұратын халық үшін үлкен жаңалық болатыны сөзсіз!

 

Жұлдыз Өтелгенова,

Биология мамандығының 3-курс студенті,

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua