ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУЫ

Егемендік айнасы, өмір шындығы емірене жұтар еркіндік самалын аңсаған бабаларымыз қылыш сермеп атқа қонды, жан берісті. Тар жол, тайғақ кешкен кезеңдерде ата-баба сенімі жанға медеу бола білді. Алаш елі азаттық жолында бар күшін жұмсап бақты, еңбегі еш кетпеді, есеңгіреді, бірақ есінен адасқан жоқ, сүрінді, бірақ, жығылған жоқ. Беріктікті, қайсарлықты ту еткен ата-бабаларымыз намыс, ар-ождан үшін айқасты. Осындай намыс оты жалындаған парасатты тұлғаларымыздың толассыз дауылды жорықтарының нәтижесінде еліміз жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген тәуелсіздікке қол жеткізді. Үкілі үмітті арқалаған, жалынды өр-рухпен болашаққа қадам жасаған еліміздің егемендігін Еуропаның, Азияның, төрткіл дүниенің дамыған алпауыт елдері мойындады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатын күні кеше халыққа жолдаған жолдауынан көруге болады. Бұл жолдауында Президент қай мамандық иесі болмасын бас иетін көреген ұстаз мәртебесі, шағын және орта бизнестің дамуына жол ашу, партия құрылысы үдерісін жалғастыру, заңсыздыққа барған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау мәселесі, жер ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық қызмет көрсетудің сапасы, мәдениет қызметкерлерін қолдау, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру секілді сайлауалды бағдарлама негізіндегі міндерттерді атап көрсетті.

Біз – болашақты бағындырар жас толқынбыз, ерен елдің ұрпағымыз. Елімізді реформалаудың жаңа кезенінде оң өзгерістерге табанды талап пен нәтижелі жұмыстың нәтижесінде ғана қол жеткіземіз. Ендеше, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы – жалындай жігерлі, арландай айбатты, найзадай өткір перзенттердің қолдауы!

 

Айгерим Батыргалиева,

ҚТӘ-33 тобының студенті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua