Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тұңғыш жолдауын жариялап, еліміздегі бірқатар түйіні шешілмеген мәселелерге тоқталып өтті. Жолдауда ішкі саясаттың, мемлекеттік институттарды нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, экономиканы жаңғыртудың, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі мәселелері аталып өтіп, бірқатар шешімдер ұсынылып, еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берді.

Президентіміздің жолдауында отбасы және бала институтын қолдау және инклюзивті қоғам құруды қарастырғаны, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесі, бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде жаңа толыққанды жоба даярлау қажеттігін атап өткендігі ерекше ұнады. Қазіргі қоғамда ұлт мүддесін қарастырған кезде отбасы мен мемлекет егіз ұғым екенін ескеру қажет. Қазіргі қоғамда ажырасу, зорлық- зомбылық кең етек жаюда. Мұны қазірден бастап қолға алмасақ, отбасы деген құндылық жойылады. Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы «Отбасының өнегесі- Отан өнегесі» деген екен. Біз әлемдік аренада ойып орын алатындай, белдескеннің белін сындырар, тірескеннің тізесін бүктірер ел болу үшін бесігімізді түзеуіміз қажет. Отбасы деген құндылық жойылар болса, ұлт мүддесі туралы тақырыпты қозғаудың тіптен қажеті жоқ. Сондықтан отбасы институтын жаңғыртып, оны сақтау қажет.

Мемлекетіміздің ендігі мақсаты мен міндеті - егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді сақтай отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Елбасымыздың жолдауының халықтың бірқатар түйіні шешілмеген күрмеулі мәселелерді қамтығаны жастардың болашаққа деген сенімін нығайтып, Еліміздің әлемдік аренадағы орнын бекемдеуге, халықтың тадауының дұрыстығына екінші мәрте көз жеткізуге ықпал етті.

 

Хадиша Қойланова,

Есеп және аудит мамандығының 4-курс студенті,

ҚР Президенті атыңдағы шәкіртақы иегері

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua