ЕРІКТІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылы 2 қыркүйегіндегі жолдауында айтылғандай 2020 жыл “Волонтер жылы” деп жарияланды. Волонтер – бұл ар-ұжданы таза, жан дүниесі бай адам. Волонтерлік жұмыс, әсіресе, жастар үшін пайдалы, себебі ол кәсібилікке, шыдамдылыққа, жауапкершілікке үйретеді, жаңа қызығушылықтар мен таныстарды табуға мүмкіндік береді. Волонтерлік жұмыстың ең кереметі – көмек көрсету түрінің көптігі. Сондықтан кез келген адам өзіне ұнаған ісімен айналыса алады. “Мен волонтер болғым келеді” деген ойыңыз болса, “мен одан қандай пайда табамын” деген ой да туындауы мүмкін. Волонтер болу барысында сіз жалақы, не басқа да материалдық қажеттіліктеріңізді өтемейсіз, себебі волонтерлік жұмыс бұл - ең алдымен әр адамның өзінің еріктілігі, өзінің таңдауы. Бірақ, сіз оның орнына адамдарға жақсылық жасап, өзіңіз де жақсылыққа кенелесіз, волонтерлік бағдарламаларға қатысып, басқа жерлерге де бара аласыз, болашақ мамандығыңыздың іргетасын қалайсыз, бойындағы дарыныңыздың ашылуына мүмкіндік бересіз. Волонтерлік жұмыспен айналысқан кездегі ең керемет сый – сіздің көмегіңізге мұқтаж болған жанның алғысы, ризашылығы. “Жастар жылы” аясында М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультетінің жанынан “Шапағат” еріктілер ұйымы ашылған болатын. Бұл ұйым қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырып, “#жақсылықжаса”, “#отбасыкөмек” сияқты акцияларға қатысу арқылы өз үлестерін қосып, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, аналар үйіне, балалар үйіне барып, септігін тигізген болатын. Алдағы уақытта болатын “Волонтер жылында” бұл ұйымның өз қатарына жаңадан жастарды қосып, ауқымын кеңейтіп, көптеген адамдарға қолғабыс болатынына сенімдімін. Сол жастардың қатарында сіз де боласыз деп үміттенемін.

 

Гаухар Казбенова, химия мамандығының 3-курс студенті,

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы шәкіртақы иегері

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua