Бәрекелді!

                                                                                                                             Бәрекелді!

барекелди дияр  ҚР еңбек сіңірген артисі, күйші Оқап Қабиғожиннің туғанына 115 жыл толуына орай Жаңақала ауданында «Күй – құдірет, күй – кие!» облыстық домбырашылар байқауында М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Демеу Дияр Серікұлы жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз !

                                                                                           Құттықтаймыз !

«BILIM ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ұстаздар мейрамына орай өткізілген «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты республикалық байқау өткізілген болатын. Байқаудың мақсаты – республика педагогтарының арасында байланыс орнату және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып, үздіктерін анықтау. Сол байқауда университетіміздің профессоры, п.ғ.д., «Рухани жаңғыру» институтының директоры Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы топ жарып, «Қазақстанның құрметті ұстазы» төс белгісі, куәлік және І дәрежелі республикалық дипломмен марапатталды.

Абат С 1

Абат С 2

Абат С 3

 

Бәрекелді!

Бәрекелді!

Фариза оқулары 14 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және Жастар жылы аясында «Жауһар жыырды жүрегінде тербеген» атты қалалық Фариза оқулары өтті. Қазақтың біртуар қызы, ақын  Фариза Оңғарсынованың поэзиясын оқуды насихаттау, ақын жырлары арқылы отансүйгіштік рухты  ояту, туған елімізді, жерімізді сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақыру мақсатында өткен шарада М.Өтемісов атындағы БҚМУ  студенттері Зафура Мамут жүлделі І орынды еншілесе, Аружан Махамбетова ІІ орын иегері атанды. Құттықтаймыз!14 ноября в рамках статьи Главы государства «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» и Года молодежи прошел конкурс выразительного чтения, посвященный Фаризе Онгарсыновой «Жауһар жырды жүрегінде тербеген». В конкурсе 1-место занял студент ЗКГУ им. М.Утемисова Зафура Мамут, а обладательницей 2 места стала Аружан Махамбетова.

 

Еленген еңбек

                                                                              Еленген еңбек

Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында «Ғылым және білім – 2019» республикалық конференциясы өткен болатын. Мұғалімдердің беделі мен мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген  республикалық байқаудың жеңімпаздарының қатарында  М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы Гарифуллина Амина Байгалиевна да бар. А.Гарифуллина осы байқауда "Қазақстанның құрметті ұстазы"  және "Үздік педагог-2019" аталымдары бойынша төс белгіге, сонымен қатар І дәрежелі дипломдарға ие болып, автобиографиясы республикалық кітап жинағына енді. Әріптесімізді бұл жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еленген еңбек 1

Еленген еңбек 2

Еленген еңбек 3

 

Құттықтаймыз!

                                                    Құттықтаймыз!

12 қараша күні Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Жастар мәдениет үйі", "Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ауған асуында от кешкендер" атты патриоттық әндер байқауы өтті.Байқау нәтижесінде, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Мәдениет және өнер факультетінің студенттері Асқарова Әсел Асқарқызы 2-орын, Мұханбетов Мағжан Мұратқалиұлы 3-орын және Жанұзақов Ерназ Оразұлы Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

Қарттар 4

Карттар 1

Қарттар 2

Қарттар 3

 

Құттықтаймыз!

                                               Құттықтаймыз!

әлемталантстарс 27 1-4 қараша күндері Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының мәдениет және құжаттама басқармасының қолдауымен "Әлем ТалантStars" III Халықаралық шығармашылық байқау-фестивалі өткен болатын. Осы байқауда жас ерекшеліктеріне қарай «Музыкалық аспаптар «Баян» номинациясы бойынша:

Мансур Мурзагереев бас жүлде:

Гульжан Шакенова І орын;

Нуртай Беймбетов І орын;

«Мондэлиарт» дуэті І орын;

«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша:

Рысты Елшинбекова ІІІ орын жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, жас жеткіншектерді  шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігі мен өз ісіне адалдығы үшін Шукеев Арман Лукпанович «Үздік ұстаз» атанса, Мухамбетжанова Айжан Абухановна алғыс хатпен марапатталды.

жеңімпаздар мен марапат иелерін құттықтай отырып, шығармашылық еңбектеріне табыс тілейміз!

Бәрекелді!

                                                                                                                                                    Бәрекелді!

еріктілер жасағы 8 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылы  М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары өз жұмысын бастаған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты - студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу және жастарды еңбекпен қамту. Бүгінгі күнге дейін университет студенттері әртүрлі номинацияларды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінуде. Қазіргі таңда А.Валиева жетекшілік ететін жасақ биылғы жылы да үздік нәтиже көрсетіп, «UZDIK JASAQ» аталымын иемденді. Жастарды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

 

Құттықтаймыз!

 

алмагүл құспанова 4 М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде 17 қазан күні республикалық жаппай "Qazaqsha dıktant" ұйымдастырылған болатын. Бұл диктантқа Астана қаласына "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында ЖОО профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру" атты біліктілікті арттыру курсына кеткен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оқытушылары да қатысты. Диктантқа қатысушылардың жалпы саны - 120-дан аса. Ерекшелігі - Жастар жылына арналған мəтін қазақ тілінде оқылып, латын графикасы негізінде жазылды. Диктант нəтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломмен мараппатталды. М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары аталмыш диктантта жүлделі үш орынды да иемденді. Атап айтсақ,  Филология факультетінің аға оқытушысы, магистр Еркеғалиева Гүлнəфис Əлібекқызы жүлделі 1-орынды иемденсе, Физика-математика факультетінің оқытушысы Ерманова Мөлдір Қазиқызы 2-орынға, Тарих, экономика жəне құқық факультетінің аға оқытушысы, магистр Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметовна 3-орынға табан тіреді. Əріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

ДИплом 1  ДИПлом 2

ДИплом 3

 

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалінде тіл жанашыларына түрлі сала бойынша атқарған еңбектері ескеріліп, облыс әкімінің алғыс хаттары мен түрлі номинациялар табыс етілді. Солардың қатарында М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оқытушылары, қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к., доцент А. Ниязғалиева, университетіміздің магистранты Н. Алмағамбетова бірлік пен ынтымақтың темірқазығы – мемлекеттік тіліміздің мерейін өсіру мен тіл саясатын жүргізу жолындағы еңбектері үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті А. Ғабдықұл «Сауатты жарнама – қала көркі» акциясына белсене қатысқаны үшін «Тіл сақшысы» номинациясын иеленді. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! 

agziyaarmannatasha

Қыдыршаев Абат Сатыбайұлын ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ елінің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Қыдыршаев Абат Сатыбайұлын Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Тағы мақалалар...

  1. Дорогие наши выпускники, уважаемые родители и гости!
  2. Студент спортшыларымыздың жеңістері құтты болсын!
  3. Умуталиев Тоқтарды дзюдо күресінен ҚР чемпионатында чемпион және спорт шебері атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
  4. «Кәусар» триосы «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша байқаудың лауреаты атанды!
  5. «Жайық жауһарлары» 3-орын иеленді!
  6. Биология мамандығы бойынша пәндік олимпиададан 1-орын!
  7. Волейболдан (ерлер) командалық есепте І орынға ие болған БҚМУ командасын құттықтаймыз!!!
  8. Физика мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадасында командалық есепте 2-орынды иеленді!
  9. Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша қатысқан "Маxамбет" командасы жүлделі 3-орынды иеленді!
  10. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҰОС ардагері Букаткин Павел Романовичті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
  11. Ғалым-ұстаздарды бүгінгі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
  12. Батыс Қазақстан облысы әкімінің құттықтауы!
  13. Қанатың талмасын, жас ғалым!
  14. «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі Алғыс хатпен марапатталды
  15. М. Өтемісов атындағы БҚМУ хоры 1-орынды иеленді!
  16. "Makham BAND" вокалдық ансамблі ІІІ орынды иеленді!
  17. Құттықтаймыз!
  18. "Тілдарын" республикалық олимпиадасында І- орын иегері атанды

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua