Құттықтаймыз!

 

алмагүл құспанова 4 М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде 17 қазан күні республикалық жаппай "Qazaqsha dıktant" ұйымдастырылған болатын. Бұл диктантқа Астана қаласына "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында ЖОО профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру" атты біліктілікті арттыру курсына кеткен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оқытушылары да қатысты. Диктантқа қатысушылардың жалпы саны - 120-дан аса. Ерекшелігі - Жастар жылына арналған мəтін қазақ тілінде оқылып, латын графикасы негізінде жазылды. Диктант нəтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломмен мараппатталды. М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары аталмыш диктантта жүлделі үш орынды да иемденді. Атап айтсақ,  Филология факультетінің аға оқытушысы, магистр Еркеғалиева Гүлнəфис Əлібекқызы жүлделі 1-орынды иемденсе, Физика-математика факультетінің оқытушысы Ерманова Мөлдір Қазиқызы 2-орынға, Тарих, экономика жəне құқық факультетінің аға оқытушысы, магистр Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметовна 3-орынға табан тіреді. Əріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

ДИплом 1  ДИПлом 2

ДИплом 3

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua