Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҰОС ардагері Букаткин Павел Романовичті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін 3 сәуір– тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҰОС ардагері Букаткин Павел Романовичтің туылған күні.

Еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұрпақтар жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастамауы қажет» - деп, сол арқылы жастарды тұғырлы тұлғалардың үлгісінде өсіруді ұлағаттап келеді. Арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету – азаматтық парызымыз. Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ерлігіңіз жас ұрпаққа ұран болған – Ұлы адамсыз. Сізді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 96 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға береке, бақыт тілейміз! Университет қабырғасында қызмет атқарған жылдарыңыз әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің жадында мәңгі сақталары анық. Букаткин Павел Романович – 3 мәрте «Құрмет орденімен», «Қызыл жұлдыз», 2 рет «Ерлігі үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін», «Праганы азат еткені үшін» ордендерімен, Чехословакияның «Ерлік үшін», «Дукланы басып алғаны үшін» және 18 жылдық мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 1946 - 1996 жж., А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің тарих кафедрасының доценті, 2005 жылдан бастап БҚМУ әскери-тарихи мұражайының басшысы қызметін атқарды. Павел Романович білім беру жүйесін дамытуға үлкен үлес қосты. Қазақстан мен ТМД елдерінің әр түкпірінде Павел Романовичтің шәкірттері жұмыс істейді. Ол жалпы білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ғана емес (100-ге жуық оқу-әдістемелік, ғылыми басылымдары бар), сондай-ақ туған қаланың және университеттің көп салалы өміріндегі белсенді ұйымдастырушы және қатысушы ретінде танымал.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua