Оралдық студенттер Әбіштің әдеби әлемін ұғудан жарысты

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына арналған оқырман байқауы өтті.

 bkmu

– «Аңыздың ақыры» романына арналған оқырман байқауы биыл туғанына 80 жыл толып отырған сөз зергері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды, мемлекеттік тілді дәріптеуге сонымен қатар таланттарды тануға арналды. Өйткені қаламгер қаламынан туған «Аңыздың ақыры» романы – талайлар іздеп жүріп, сүйсініп оқитын классикалық туынды. Тарих тамырын қозғайтын романның қазақ әдебиетінен ойып тұрып алар орны бар, - дейді осы байқаудың қазылар алқасы төрағасы, университет оқытушысы, қауымдастырылған профессор Рита Сұлтанғалиева.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар «Аңыздың ақыры» романы бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, романды қаншалық түсінгенін көрсетсе, екінші кезеңде «Мен оқыған «Аңыздың ақыры»: түйгенім, болжам, ұсыныс» атты шығармашылық жұмыс жазды. Ал үшінші кезеңде «Аңыздың ақыры» романының үзіндісін мәнерлеп жатқа оқыды.

Әдебиеттегі Әбіш әлемін терең біліп, романның көркемдік-идеялық ерекшелігін әдемі талдаған бірнеше студент жеңімпаз атанды. Сөйтіп, байқаудың бірінші орын жүлдесі филология факультетінің 1-курс студенті Зафура Мамұтқа бұйырды. Ал екінші орынды Қазына Есетова мен Құралай Жылтықаева, үшінші жүлдені Назерке Сұлтанғали, Бағдат Оразхан және Ақнұр Сембаева өзара бөлісті. Осы байқауға белсенді қатысып, көзге түскен Зүлфия Төлеу, Қазына Файзуллина, Жадыра Құлтай, Гүлнұр Көшербаева, Динара Сәрсенбаева сынды студенттер алғыс хатпен марапатталды.

 

Ссылка на оригинальную статью

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua