БҚО бойынша сот Әкімшісінің басшысы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

1557825247 img 9789БҚО бойынша сот Әкімшісінің басшысы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов пен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Іс-шараға заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық салаларын анықтады: бірлескен оқу-білім беру іс-шараларын өткізу, тараптар өкілдерінің бірлесіп өткізілетін ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялардың және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысуы.
Н. Қажғанов атап өткендей, сот жүйесі үшін кадрларды іріктеудің қалыптасқан практикасы олардың кәсіби даярлығына ерекше жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты бұл құжатқа қол қою ЖОО мен сот жүйесі үшін маңызды оқиға деп атады. "Студенттердің оқу және өндірістік тәжірибеден өтуінен бастап біз сот жүйесінің болашақ мамандарын бірлесіп анықтай аламыз, кәсіптің адалдығы мен дайындық деңгейін көтеру рухында оқыту мен тәрбие жүргізе аламыз.
Іс-шараның соңында ректор Н.Сергалиев жас кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін облыстық соттардың басшылығына алғысын білдірді.

Канатбаева А.
БҚО бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы


 

Мақалаға сілтеме

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua