«Халықты жұмыспен қамту үшін нақты тапсырмалар берді»

Ganmirkun-TҰлт көшбасшысы болашақтың бағытын айқындап, баршаға қолайлы жағдай жасауда. Осыған оның бүгінгі «Нұр Отан» паритясының ХVІІІ съезінде сөйлеген сөзі куә. Алға қойған бағдарламалар мен жоспарларды мүлтіксіз орындап, дағдарыстардан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет.

Барша қазақстандықтарды алға қойған мақсатқа бір жеңнен қол, бір  жағадан бас шығарып ұйымшылдықпен жету керектігін айтты. Әсіресе, Елбасымыз халықтың аз қамтылған бөлігінің кірісін арттыру және қолдау, кірісі төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, балаға берілетін жәрдемақыны көбейту жөнінде айтты. Сонымен қатар әкімдерге халық үшін көп жасау керек, халыққа жақын болу керек екендігін нақтылап міндеттеді. Н.Әбішұлы мемлекет қызметкерлерінің, педагогтар мен жас сәбилердің, жалпы қазақ халқының бейбітшілікте, молшылықта өмір сүруін бүгінгі ең басты мәселе етіп қойып, оған жағдай жасауды, қоғамның барлық мүшесіннің жағдайын қарастыруды, халықты жұмыспен қамту үшін нақты тапсырмалар берді.

Елбасымыздың баяндамасын тыңдай отырып, өзімді Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, Елбасымыздың бізге үлкен сеніммен қарайтынын ұқтым. Қорыта айтқанда, бүгінгі съезде «Нұр Отан» партиясының 20 жыл бойы алға нақты мақсат, бағыт-бағдар қойып, артынан не ұттық, неден ұтылдық деген сұрақтарға жауап беріліп, ұтқанымызбен мақтанып, ұтылғанымыздан нәтиже шығарғандығын түсіндік.

Ганмиркүн Тұрғаналиева,

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың аға оқытушысы,

магистр, филология факультеті деканының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Мақалаға сілтеме

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua