Жастар еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қолдау көріп келеді - ЖОО ұстазы

20180629122652

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет тарапынан жастарды қолдау шаралары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіліп келеді. Мұндай пікірді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Әділ Төлепов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пікірінше, әрбір мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау шаралары біздің елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бері жүргізіліп келе жатыр. Жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуы, жас стартапшыларды қолдайтын заңнамалардың қолданылуы және мүмкіндігі бар жобаларды бюджеттік субсидиялау, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және тағы басқалары соның айқын көрінісі болып табылады.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауы аға буын өкілдерінің оңды істерін жалғастырушы жастар қауымының рухани шыңдалуы мен әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс беретін бастама болып отыр. Жастар жылының салтанатты ашылуында Президент жастардың болашақтағы басым назар аударуы тиіс бағыттары мен арман-мақсаттарға жету жолында атқарылуы тиіс шаралар жүйесін тілге тиек етті», - дейді жас ұстаз.

ADIL 338x600

Елбасы атап өткендей, қазақстандық жастардың арасында жұмыссыздық жоқ, керісінше жұмыс орнына қызметке орналасатын мамандық иелері тапшы. Оның үстіне көптеген мамандықтар болашақта жойылуына байланысты жаңа мамандықтарға сұраныс көбеймек. Яғни, жастар мектеп кезінен мамандық таңдауда мұқият болуы керектігін айтты. Осы бағытта жастарды қаржылай және әлеуметтік қолдау мақсатында оларды жалдамалы пәтерлермен неғұрлым көбірек қамтамасыз ету, 2019-2021 жылдары бюджеттен 32,1 миллиард теңге бөле отырып, барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін барлығы 70 мың орындық жатақханамен қамтамасыз ету жүктелді. Бұдан бөлек, еріктілер қатарында белсенді қызмет атқарып жүрген студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға арттыру, тиімділігі жағынан сырттай оқыту формасынан бірнешесе есе асып түсетін қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру және тағы басқа міндеттер тапсырылды.

«Жастар бұл бастаманы өздеріне көрсетілген қолдау ғана емес, өз әлеуетін толық ашатын мүмкіндік ретінде қабылдау керек. Оқытушы ретінде, жас ғалым және маман ретінде бұл бастамалардың барлығы жақсы нәтижелерге алып келеріне сенемін. 100/200 қағидасы негізінде жастарды замануи техникамен жабдықталған үздік жоғары оқу орындарында оқытатын болсақ, ЖОО бітіруші жас түлектердің бәсекеге қабілеттілігі еселеп артады деп ойлаймын. Ғылым мен білім - мемлекет құрушы негізгі обьектілер, ал жастар - болашақты өркендетуші субьектілер. Бұл бағытта барлығымыз аянбай еңбек етсек, әлемнің дамыған 30 елі қатарына барынша жедел енеріміз сөзсіз. Тек жаңашылдықтан қорықпай, барлығын байыппен қабылдап, жоғары білім-біліктілікпен іске асыратын болсақ, ондаған жылдардан соң әлемнің қуатты державаларының біріне айналарымыз да ғажап емес», - деді Ә.Төлепов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық студенттің ұмытылып бара жатқан есімдерді жаңғыртуға үлес қосқысы келетінін жазған болатынбыз.

 

Мақалаға сілтеме

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua