Жастар жылы: Ұлттың болашағы білімді, жігерлі жастардың қолында - магистрант

20190124081533

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ұлттың болашағы білімді, жігерлі жастардың қолында. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің әдіскері, биология мамандығының 1-курс магистранты Абылай Қонысбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, кез келген қоғамда елдің өркениет көшіне ілесіп не артта қалғанын жастарының белсенділігінен байқауға болады.

Жастар тәрбиесімен жұмысты жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының әр Жолдауында атап көрсетілетін басты міндеттердің бірі.

-Мемлекет басшысының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауының өзі әрқашан жастарды қолдап, олардың әрбір іс-әрекетіне көңіл бөліп, жасалынып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп отырғанының нақты дәлелі деп білемін. Сондықтан да егеменді елдің белсенді жастары бұл жылда ел болашағына айтарлықтай септігін тигізетін тың жобалармен және жақсы көрсеткіштермен Елбасы артқан сенімді абыроймен атқара алады. Осы орайда 23 қаңтар күні өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты форумда Президент салтанатты түрде ашып берген Жастар жылы біз үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студент-жастары (барлығы 4 мыңнан астам адам) Жастар жылының салтанатты ашылуын тікелей эфирден тамашалап, ерекше әсер алды. Елбасы жиын барысында атап өткен бағыттардағы жобаларды жүзеге асыруға батысқазақстандық жастардың да өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Жақсы нәтижелерге толы табысты жыл болсын! - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне А.Қонысбаев. 

 

Мақалаға сілтеме

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua