Оралдық ұстаздар педагог мәртебесіне қатысты ұсыныстар жасады

Педагог мәртебесі туралы заңға байланысты өңірлерден де нақты ұсыныстар түсе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Мәселен, Оралдағы іргелі жоғары оқу орнында 52 мамандық иелері дайындалса, соның 22-сі болашақ педагог кадрлар. «Ұстаз мәртебесін көтеру үшін ең алдымен осы мамандыққа келетін жастарға қатаң талап қойылуы тиіс. Ал шәкірт тәрбиесімен айналысып жүрген мектеп мұғалімі мен университет оқытушылары үшін арнайы мотивациялық бағыт-бағдар болуы тиіс. Әрине, ұстаздардың еңбегін бағалауда ғылыми дәрежесі мен түрлі деңгейдегі курстардан өткені де есепке алынғаны жөн», – дейді Оралдағы ғалымдар.

Шынар Ғабдырахманова, М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент:

- Кез келген қызметте адамдарды жақсы жұмыс істеуге итермелейтін бір жақсы мотивациялық блок болса. Ол тек қана ақша түрінде емес, материалдық емес сипатта болуы мүмкін. Түрлі жерлеге бару, саяхаттау деген сияқты. Немесе мұғалімді тек қана мейрамдарда ғана емес, басқа да марапаттау түрлері, жұмыс нәтижесі бойынша, мысалы, тоқсан соңында немесе жыл соңында. Осындай нәрселер адам өзінің жұмысында керек екендігін сезінсе, өзінің әрі қарай дамуға болатын көретін болса, ынта күшейеді. 

 


Мақалаға сілтеме

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua