ОРАЛДА БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ «БІЛІМ КІЛТІ» ТАБЫСТАЛДЫ

12102018 

Бүгін «Нұр Отан» БҚОФ-ның ғимаратында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитеті, өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен бірніші курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты шарасы өтті.

Оған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Н.Серғалиев, профессор-оқытушылар құрамы, БҚМУ белсенділері және бір топ 1 курс студенттері қатысты.

Университет көлемінде жастар қозғалысының дамуына, әр салада өз мамандығының шеберлері болуға, жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, өнерлі болуға тәрбиелеу, елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру – шараның басты мақсаты.

Әсем би, әуезді әнмен көмкерліген шарада білім ордасындағы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері І курс студенттеріне «Білім кілті» салтанатты түрде табыс етілді.

 

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мақалаға сілтеме

 

12102018-1

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua