«Өз ісіңді сүй» жобасы

Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау - Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі. М. Өтемісов атындағы БҚМУ педагогтарды, пән мұғалімдерін, болашақ ғалымдарды, сонымен қатар экономика, құқықтану саласындағы мамандарды даярлайды. 

Еңбек адамына құрмет сезімімен қарау болашақ мамандығын жан-жақты тану арқылы студенттерде университеттегі бірінші оқу күнінен басталады. 

Сонымен, педагогика факультеті «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенттері 12 ақпанда ақыл-есі кем балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта «Мейірім шуағы» шарасын өткізді, балаларға психологиялық тренинг ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнатты. 

ped 1 500x281 ped 2 500x281 ped 3 500x281 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану-география факультеті «Экология» мамандығының студенттері Облыстық экология департаментінде экскурсияда болып, экологтардың негізгі жұмыс бағытымен, өздерінің болашақ манадықтарының алдында тұрған мақсат-міндеттермен танысып қайтты. 

ecol 1 500x438 ecol 2 500x476 ecol 3 500x423

 

 

 

 

 

 

 

 

Болашақ биолог мұғалімдер мектепте «Мұғалім ұлы тұлға»тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

biol 1 500x395 biol 2 500x374 biol 3 500x464 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылдың 13 ақпанында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 03303-топ студенттері Малика Қонақбаева, Айгерим Кутубаевалар өздерінің ВКонтакте парақшаларында қазақ және орыс тілдеріндегі #любисвоедело#өзкәсібіндісүй жалпыға бірдей хэштегімен 4 бейнежазба (кітапханашылармен, №23 ЖОББМ ағылшын және орыс тілі пәні мұғалімдерімен жүргізілген сұхбат) жариялады.  

lubi_svoe_delo_1

 

lubi_svoe_delo_2

 

lubi_svoe_delo_3

 

16-18 ақпан аралығында тарих, экономика және құқық факультеті студенттерінің «Зенит» зауыты мұражайына экскурсияға баруы жоспарланған. Студенттер зауыттағы жұмысшы мамандықтары және олардың маңыздылығы туралы ақпарат алады. 

17 ақпанда мәдениет және өнер факультеті «Хореография» және «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 және 3-курс студенттері «Шебер қолдар әрдайым бағаланады» шарасының жоспары аясында электрші, дәнекерлеуші, металл жонушы, темір шебері, монтаждаушы сияқты жұмысшы мамандықтары өкілдерімен кездеседі.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua