«Жақсылық жаса» жобасы

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың педагогика факультеті студенттері ел азаматтарының арасында өзара «жанды» қолдау білдіру  көрсетуге шақырған «Жақсылық жаса» жобасына белсенді қатысты. 

12 ақпанда «Сәуле» педагогикалық жасағының мүшелері отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар аулының тәрбиеленушілерімен «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында әңгіме жүргізіп, «Жақсылық  жасау өз қолыңда» арт-терапия сабағын өткізді. Балалар қайырымдылық туралы өз ойларымен бөлісіп, плакаттарға алақандарының суреттерін салу арқылы барлығын жақсы іс жасауға шақырды (фото).

sayle 2 500x666 sayle 1 500x375 sayle 3 500x375  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

«Жақсылық жаса» жобасы аясында экономика және менеджмент кафедрасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 09309-топ студенттері Қан орталығына барып қан тапсырды, дәрігерлер өткізілген жоба үшін университет басшылығына және студенттерге алғыстарын білдірді. 

 

 

«Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «28 ілмек клубының» жұмысына қосылды.  Аталған топ барлық ниет білдіргендер үшін ашылған. Клуб қатысушылары неонтология бөліміндегі шала туылған және патологиясы бар балаларға арнап бас киімдер мен шұлықтар тоқиды. Тоқылған жылы киімдер олардың аман қалуына көмектеседі. 

yhet finansi 1 500x375 yhet finansi 2 500x375

 

 

 

 

 

 

  

«Есеп және аудит» кафедрасы мамандықтарының оқытушылары мен студенттері «Бәйтерек» қоғамдық қорының мүгедек балаларды оңалту орталығына арнап кеңсе тауарларын алып берді.  Қарттар үйінде шағын концерт ұйымдастырып, зейнеткер М.Б. Урашеваға көмек көрсетті. 

«Жақсылық жаса» жобасы аясында құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары мен «Құқықтану» мамандығының студенттері көпбалалы аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетті. Ғалия Ғайноллақызы Айдынғалиеваның отбасында 2 кәмелетке толған, 8 кәмелеттік жасқа жетпеген баласы бар. Олардың ішінде ең кенжесіне 8 ай, 3-еуі мектепке дейінгі жаста, 4-еуі №26 ЖОББМ оқушылары. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға кеңсе тауарлары берілді, сонымен қатар азық-түлік, сыртқы киімдер табыс етілді.

urispryd 1 500x500 urispryd 3 500x500 urispryd 2 urispryd 4 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың желтоқсан айында ИЯ-11 тобының студенттері «Жылулық» акциясын өткізіп, жасаған қайырымдылық істері туралы фото және бейнематериалдарды ВКонтакте желісіндегі ZhasStarLife қоғамдастығына салды. Олар өткізілген акциядан өте жақсы әсер алды. Қыстың салқын күнінде жол тазалау кәсіпорны жұмысшылары бір кесе салқын шайдан емес, еңбек адамына деген ізгілікті қарым-қатынас пен білгірген ниеттен жылу алды. 

1-1 500x281 1-2 500x281

 

 

 

   

 

kyltyra 2 500x353 

Мәдениет және өнер факультетінің белсенді студенттері Е. Шанғалиев пен Д. Шамуратовтар Орал қаласының КТК командаларын жинап және «Жүректен - жүрекке» қоғамдық бірлестігімен бірге қайырымдылық концертін ұйымдастырды.  Концерттен түскен қаражат Орал қаласының 4 жасар тұрғыны Қайырбекова Кәусарға Оренбург қаласындағы (РФ)  офтальмологиялық клиникада ем алуы үшін берілді.  12 ақпанда «Қазақстан-Орал» телеарнасының «КҮНШУАҚ» бағдарламасында акция қатысушыларымен өткізілген сұхбат көрсетілді.  

 

 

 

kyltyra 1 500x500 

20 ақпанда Жастар шығармашылық орталығында «Сәуле іздеген бір үміт» есеп беру қайырымдылық концерті өтеді. Бұл кеште облыс жастары мен студенттерінің осы кезеге дейін ұйымдастырған жақсылық істері туралы айтылатын болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua