БҚМУ туралы хабарландыру

«Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК М. Өтемісова бос лауазымдарына конкурс жариялайды

2019-05-06 07:07:55

«Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК М. Өтемісова бос лауазымдарына конкурс жариялайды

1. Шаруашылық қызмет жетекшісі - 1 бірлік

Біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мамандығы бойынша, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

Конкурска қатысушы адам келесі құжаттарды белгіленген уақытта тапсыруы тиіс.

1. Өтініш;

2. Түйіндеме, мемлекеттік тілде және орыс тілінде;

3. Еңбек кітапшасының көшірмесі (түп ңұсақасымен) немесе еңбек шарты, соңғы жұмыс орнынан еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;

4. Денсаулық туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5. Жеке куәлік көшірмесі;

6. Сотталмағандығы туралы анықтама;

7. Сыбайлас жемқорлықпен ұсталмағандығы туралы анықтама;

Конкурска қатысушы адам қосымша өзінің жоғары білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі және басқа да жетістіктері туралы мәліметтерді көрсетуіне болады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 14 (он төрт) күнтізбелік күн аралығында жария етілгеннен кейін орындалады.

Аталған құжаттар белгіленген уақытта осы мекен-жай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 162, әкімшілік бөлім (каб.107), телефон: 8 (7112) 50-86-11.

 

Хабарландыру!

2019-04-22 12:18:30

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 24 мен 26 сәуірі аралығында институционалды және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру қызметтерінің сапасын бағалау үшін Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жасайды. Мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы, 162, БҚМУ бас ғимараты, 222 каб.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің университет ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтауы.

2019-03-20 07:25:21

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің университет ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтауы.

WhatsApp Image 2019-03-20 at 12.29.40

Құрметті әріптестер, ардагер ұстаздар, студенттер!

2019-03-18 11:18:54

Құттықтау mini

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!

2019-03-01 04:41:18

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!

A 03Сіздерді көктемнің алғашқы күндерімен барша адамзаттың көңілін жадырата келетін шырайлы мереке – 8 наурыз халықаралық арулар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Айтулы мерекеге орай университет ерлері ұжымының 7 наурыз күні сағат 12:15-те, университет акт залында өтетін мерекелік концертіне шақырамыз. 

БҚМУ туралы оқиға

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ҚР Ұлттық рейтингісінің TOP-20 ҚР ЖОО-ларының жалпы рейтингісінде алғашқы ондықта.

2019-05-17 11:52:19

Рейтинг Вузов2М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ҚР Ұлттық рейтингісінің TOP-20 ҚР ЖОО-ларының жалпы рейтингісінде алғашқы ондықта.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2019 жылы мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының сұранысы негізіндегі ұлттық рейтингінің 87 жоғары оқу орнының арасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Топ – 20» жалпы рейтингінде 8-орынды иеленді.
Жоғары оқу орындарының институтционалды рейтингінде 8-орыннан, мамандарды дайындаудың бағыттары (гуманитарлық ғылымдар, музыкалық өнер, қызмет көрсету бағыты) бойынша алғашқы ондықтан көрінді.
Жоғары оқу орындарының мамандарды дайындаудың бағыты мен деңгейлік рейтингісі бойынша бакалавриаттың тоғыз білім беру бағдарламасы, оның ішінде «5В011600 – География», «5В040300 – Вокалдық өнер», «5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы» 1-орынды иеленсе, «5В011400 – Тарих», «5В040200 – Аспаптық орындаушылық» 2-орынды, «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу», «5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері», «5В040900 – Хореография» 3-орынды иеленіп, жоғары көрсеткіштермен көшбасшылық орындарға орналасты.
Магистратура бойынша «6М010600 – Музыкалық білім», «6М011400 – Тарих», «6М011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» 2-орынды иеленсе, «6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 3-орынды иеленіп, жоғары көрсеткіш нәтижесін көрсетіп отыр.
Университет ұжымын нәтижелі жетістіктері үшін шын жүректен құттықтаймыз!

Университет ректоры Нұрлан Серғалиев Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін келе жатқан мейраммен құттықтады

2019-05-08 09:53:25

IMG 0332 miniУниверситет ректоры Нұрлан Серғалиев Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қалам Сүйіншәлиев, Букаткин Павел және Мерует Жолдыкаировалар бастаған ардагерлерлеріміздің үйлеріне барып, келе жатқан мейраммен құттықтады. Кездесу барысында университет ректоры ұжым атынан "Арын байрақ, намысын найза еткен сіздей аға буынның жеңіс туын желбіреткен қаһармандығын кейінгі ұрпақ әркез мақтан етеді. Осы қасиетті күні адалдық пен отанына деген қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, қашан да тағзым етеміз. Сіздер сыйлаған ерлікке толы ұлы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалары сөзсіз.

Сізді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін" ,- деген тілегін жолдады. Өз кезегінде ардагерлер көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді. Бейбіт елдің төрінде бірлік пен ынтымақ орнаған елімізді көруге қуанышты екендерін жеткізді.

Фото: Рафхат Халелов

 

фото Рафхата Халелова 2 mini

фото Рафхата Халелова 42

фото Рафхата Халелова 25

 

1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні

2019-05-02 04:25:07

26d9b8bb-dfc4-4649-91e6-2dd6865a47f9Бүгін Орал қаласында 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай Абай алаңында мерекелік шара өтті.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен қызметкерлері, магистранттар және студенттер Назарбаев даңғылында бір лекпен жүріп өтті. Облыс әкімі мерекеге келушілерді бүгінгі мейраммен құттықтап, халық бірлігін, отбасыларына амандық және бар жақсылықты тіледі.

 

IMG 9496 mini

IMG 9521 mini

IMG 9534 mini

IMG 9537 mini

IMG 9540 mini

IMG 9543 mini

IMG 9543 mini

Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

2019-04-25 11:06:43

Мемлекет басшысының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Х. Сергалиевтің бастамасымен студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

СҚКО жұмысының мақсаты: қызмет көрсету стандарттары негізінде "жалғыз терезе" қағидаты бойынша оқу-білім беру процесінің жедел және сапалы қызмет көрсету, функциялардың қайталануын жою, ашықтық, тиімділік болып табылады.

Міндеттері:

* жоғары сапалы және тез студенттік қызмет көрсету;

* оқу үрдісінің жұмыс істеуін жақсарту;

* барлық мәселелер бойынша студенттерді қолдау;

* оқу процесін басқарудағы студенттің рөлін арттыру;

* студенттің сұранысы бойынша толық ақпаратты ұсыну;

* университеттің нормативтік құжаттарындағы жаңалықтарды және өзгерістер туралы студенттерге хабарлау.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарымен реттелген оқу үрдісі бойынша келесідей қызметтер көрсетеді: транскрипт, академиялық анықтама беру, оқу пәндеріне тіркелу, оқу пәндеріне қайта тіркелу, пән кредиттері мен пәндерін қайта есептеу, нақты студент туралы сұраныс бойынша жауап хат беру, құжаттарының көшірмелерін беру, жазғы семестрге тіркеу, студенттер мен ПОҚ-на кеңес беру, GPA көрсеткіштерін анықтау. Әскери есеп қызметтері: тіркеу, тіркеуден шығару, анықтама қосымша № 3. Бухгалтерлік есеп қызметтері: Шәкіртақы, білім алушылардың іс-сапары, ақылы оқыту, жатақхана мәселелері. Төлқұжатшы қызметі : тіркеу, тіркеуден шығару, анықтамалар беру.

Бір уақытта студенттерге бірнеше терезелер қызмет көрсете алады. Қызмет көрсету электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Бір студентке қызмет көрсету уақыты қызмет көрсету стандартына сәйкес қатаң регламенттелген. Қажетті қызметті алу үшін электрондық кезек талонын алу және күту залына өту, содан кейін экранда жарияланатын және жазылған терезеге өту қажет.

Студенттерге қызмет көрсету орталығында ақпараттық-консультациялық көмек көрсету қызметтері қолжетімді болады. Ол үшін "Reception" жұмыс істейді. Мұнда дайын анықтамалар мен транскриптерді беру жүзеге асырылады.

СҚКО-да қызметті әдіскерлердің көмегіне жүгінбей-ақ өз бетінше алуға болады. Ол үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Анықтама немесе транскрипт алу үшін жеке деректерді көрсетіп, өтініш қалдыру қажет.

Өтінім бағдарламасы арқылы да қабылданады. Кез-келген студент бағдарламасына жеке логин паролімен кіріп, жеке кабинетке еніп, өтінімдер деген бастырманы басып, өтінім беру қызметін таңдайды.Өтінім беруші туралы және өтінім бойынша мәлімет парақшаларын толтырады. Жеке куәліктің скан үлгісін жүктейді. Өтінім беру бастырмасын басып жібереді немесе сақтап қояды. Осыдан кейін жеке поштасына өтінім қабылданған туралы хабарлама келеді.

Орталықтың дамуымен көрсетілетін қызметтер тізбесі 20-дан астам қызмет түрлері алдағы уақытта кеңейтілетін болады.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы университет өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Білім алушылар үзіліс кезінде орталыққа келіп, барлық қажетті құжаттар мен анықтамаларды ала алады. Оны құру білім алушыларға ұсынылатын қызмет көрсетудің мәдениеті мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы – білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын азайтуға, қызмет сапасын түбегейлі жаңа деңгейге көтеруге, студенттердің мәселелерін тиімді және жедел шешуге, "университет – студент" өзара іс-қимыл жүйесіндегі тосқауылдар мен сыбайлас жемқорлық қатерлерін жоюға бағытталған.

 

Студенттерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі Кдиргужина Э.М.

 

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XIX съезіне «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, университетіміздің ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы қатысуда.

2019-04-23 07:43:08

6d3720ac-ccad-4e55-a3ba-55fda78f6774Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XIX съезіне «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, университетіміздің ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы қатысуда.

БҚМУ туралы бейнетека

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

2020-11-21 04:37:16

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.

Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.

Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.

Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.

Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.

Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.

Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

1. Атқа міну мәдениеті

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.

Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.

Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.

Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.

Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.

Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі.

Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.

Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.

Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.

Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

3.Аң стилі

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.

Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.

Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.

Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.

Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

4.Алтын адам

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

5.Түркі әлемінің бесігі

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.

Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.

Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

6. Ұлы Жібек жолы

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.

Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

***

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.

Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.

1. Архив – 2025

Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.

Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек.

Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет.

Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.

2. Ұлы даланың ұлы есімдері

Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.

Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.

Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.

Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.

Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.

Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.

Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады.

3. Түркі әлемінің генезисі

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.

Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.

Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет.

Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.

4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

«Ұлы дала» аттыежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді.

Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады.

Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.

Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет.

5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.

Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.

Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды.

Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз.

Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек.

Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.

Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнешеіздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.

6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.

Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.

Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет.

Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.

Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек.

Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты.

Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерімен кездесті

2019-05-02 13:22:35

 

ҚР-ның саяси өміріндегі жаңа кезең 2019 жылғы сайлау атты сарапшылар дөңгелек үстелі

2019-05-02 13:18:19

 

"Ұлт санасының жаңғыруы және қлы дала құндылықтары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2019-04-11 13:24:22

 

ПОЛНЫЙ ТЕКСТ ОБРАЩЕНИЯ КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА К НАРОДУ КАЗАХСТАНА

2019-04-11 12:44:41

Дорогие Соотечественники! Сегодня я объявляю важнейшее обращение к стране и к каждому из нас. В соответствии с Конституцией страны я принял решение о проведении внеочередных выборов Президента Республики Казахстан 9 июня 2019 года.

 

Я с этим ответственным решением согласился с главой государства Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым. Консультации со спикерами двух палат парламента, Премьер-министром. Обращался к соглашению Конституционного Совета. Встреча с лидерами партии в парламенте. Принятие решения о внеочередных выборах-очень важный и необходимый шаг. Мы благодаря Главе государства создали независимое, сильное государство. Казахстан занял достойное место в международной системе. Нас признает весь мир как влиятельное и сильное государство. В настоящее время мы переживаем исторический период. Высшая власть перешла на законный и мирный путь. Все мировое сообщество с пониманием и уважением приняло это событие.

 

Как глава государства, я глубоко осознаю свою обязанность и ответственность. С момента вступления в должность президента я поеду в регионы. Хорошо знаю настроение народа. Встречалась с интеллигенцией, трудовыми коллективами, представителями бизнеса, инвесторами, международными лицами. Мы идем по пути главы государства. Наш народ-единый. Как высочайшая ценность нашей независимости наша страна прочна. Об этом свидетельствуют предстоящие выборы президента. Поэтому нам необходима ясность, чтобы обеспечить и продвигать общественно-политическое согласие в стране, достойно реализовать социально-экономические цели-задачи. Кроме того, ситуация в мире остается стабильной. Это может привести к серьезным вызовам безопасности нашей Родины. Мы должны сохранить преемственность и стабильность во внутренней и внешней политике, успешно и эффективно реализовывать социальные программы, предложенные Главой государства. Для этого я принял это судьбоносное решение. Такое решение должно быть принято только на выборах по прямой воле населения. Казахстан-демократическое государство. Президент избирается выбором народа. Я, как глава государства, гарантирую, что выборы будут чистыми, открытыми и справедливыми! Это моя крепкая позиция! Перед нами стоят большие задачи. Я верю народу, то есть вам. Уважаемые Соотечественники! » Если Алтау, то уйдет во рту, а четыре-на холме", - говорит мудрый народ.

 

Призываю всех к более ответственному подходу к предстоящим выборам. Будущее нашей страны, судьба каждой семьи и каждого гражданина напрямую зависит от ваших решений!

 

БҚО сот төрағасы Бек Әметұлы Әметовпен БҚМУ студенттерімен кездесуі

2019-04-04 09:20:02

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua